+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 01 апреля 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұстаз – адам өміріндегі ең қадірлі де қастерлі мамандық иесі. Әр адамның жүрегінде із қалдырып, білім мен тәрбиені қатар сіңіре білген ұстаздардың орны ерекше. Осындай шәкірт жүрегінен жол тапқан, өз ісіне адал жандардың бірі, хромтаулық білікті ұстаз - Мусина…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

🖇️Ұстаз – адам өміріндегі ең қадірлі де қастерлі мамандық иесі. Әр адамның жүрегінде із қалдырып, білім мен тәрбиені қатар сіңіре білген ұстаздардың орны ерекше. Осындай шәкірт жүрегінен жол тапқан, өз ісіне адал жандардың бірі, хромтаулық білікті ұстаз - Мусина Гүлжанат Әбдісадыққызы.

🖇️Гүлжанат Мусина — 1977 жылы 26 наурызда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Талдық совхозында дүниеге келген. Бала кезінен білімге құштар болып өскен ол 1994 жылы Ақтөбе қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатты сәтті аяқтады. Сол жылы жоғары білім алуға түсіп, 1994–1998 жылдары Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университеттің жаратылыстану факультетінде оқып, химия және экология мамандығын бітірді. Жастайынан қалыптасқан табандылығы мен ізденімпаздығы оның болашақта білікті ұстаз болып қалыптасуына берік негіз қалады.

▫️Еңбек жолын 1998 жылы бастап, 2007 жылға дейін Дөң орта мектебінде қызмет атқарды. Ал қазіргі таңда Хромтау қаласындағы №3 Хромтау орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі ретінде шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келеді.

📜Гүлжанат Мусина «педагог-зерттеуші» санатты, тәжірибелі әрі жаңашыл ұстаз. Оның іс-тәжірибесі аудандық, облыстық, республикалық деңгейде таратылып, әріптестері тарапынан жоғары бағаланған. Ұзақ жылғы жемісті еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудегі жетістіктері үшін түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, Хромтау ауданының 90 жылдығына арналған төсбелгі, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты – ұстаз еңбегінің айқын дәлелі.

📑Ұстаздық жолды жүрек қалауымен таңдаған Гүлжанат Мусина өз ісіне деген жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігі арқылы тек білім беріп қана қоймай, шәкірттерінің жан-жақты дамуына, өмірде өз орнын табуына зор үлес қосып келеді. Оның әрбір сабағы ізденіс пен жаңашылдықтың, білім мен тәрбиенің үйлесімді көрінісі.

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности