+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 07 апреля 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Мұғалім – ұлт болашағын тәрбиелейтін қасиетті мамандық иесі. Сол сияқты, өз мамандығын жүрек қалауымен таңдаған, өз ісіне адал жандардың бірі – Құлшықова Гүлнара Данилқызы. Гүлнара Құлшықова 1972 жылдың 12 желтоқсанында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында дүниеге…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

✔️Мұғалім – ұлт болашағын тәрбиелейтін қасиетті мамандық иесі. Сол сияқты, өз мамандығын жүрек қалауымен таңдаған, өз ісіне адал жандардың бірі – Құлшықова Гүлнара Данилқызы.

📑Гүлнара Құлшықова 1972 жылдың 12 желтоқсанында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында дүниеге келген. Жас кезінен білімге құштар болып өскен ол С.Киров атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтында химия-биология мамандығы бойынша жоғары білім алды.

📚Ұстаздық жолын Қарақұдық негізгі мектеп-бала бақшасында бастаған Гүлнара Құлшықова қазіргі таңда Құмтоғай жалпы білім беретін орта мектебінде өз мамандығы бойынша табысты қызмет атқарып келеді.

🖇️ Гүлнара Құлшықова – жоғары білікті, тәжірибелі педагог-зерттеуші. Оның іс-тәжірибесі аудан, облыс, республикалық деңгейде таралып, әріптестері арасында жоғары бағаға ие болды. Ұзақ жылдар бойы жемісті еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудегі жетістіктері педагогикалық байқауларда түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, ол Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастырған облыстық химия пәні мұғалімдерінің олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломға, «Ізденіс жолы-2025» облыстық байқауында химия пәнінен І дәрежелі дипломға, облыстық биология пәні мұғалімдерінің олимпиадасында Алғыс хатқа ие болды, сондай-ақ «Виртуалды зертханалар: жаратылыстану сабақтарында AR және VR тәжірибелері», «Lesson Study» және «Функционалдық сауаттылықты дамыту» облыстық семинарларында кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.

🔰Сонымен қатар, Гүлнара Құлшықова облыстық шығармашылық шеберхананың белсенді мүшесі және шағын жинақты мектептердің біріккен сынып мұғалімдеріне арналған «Тиімді сабақ жоспары» облыстық сырттай байқауының әділқазы алқасының мүшесі болып қызмет атқарады. Оның шәкірттері аудандық, облыстық және республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жүлделі орындарға ие болып жүр.

🔳 Гүлнара Құлшықова үшін ұстаздық – жай ғана мамандық емес, бұл – үлкен жауапкершілік пен шәкірт жүрегіне жол табатын қасиетті қызмет.

▫️ Қорыта айтқанда, Гүлнара Құлшықова – өз ісінің шебері, шәкірт жүрегіне жол таба білетін ұстаз, және нағыз үлгілі педагог.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности