+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 09 апреля 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ақтөбелік ұстаздардың бірі де бірегейі, өз ісінің шебері, кәсібін өнерге айналдыра білген, әр сабағын шабыт пен жаңашылдыққа толтырып, шәкірт жүрегінде із қалдыратын Бақтығұлова Жамал Ұзақбайқызы үздіксіз ізденіс пен еңбекті өмірлік серік еткен педагог. Мұндай…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

📑Ақтөбелік ұстаздардың бірі де бірегейі, өз ісінің шебері, кәсібін өнерге айналдыра білген, әр сабағын шабыт пен жаңашылдыққа толтырып, шәкірт жүрегінде із қалдыратын Бақтығұлова Жамал Ұзақбайқызы үздіксіз ізденіс пен еңбекті өмірлік серік еткен педагог. Мұндай ұстаз ұжымның мақтанышы, шәкірттің бағы, білімнің жанашыры. Оқушылары халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздары.

📄Жамал Бақтығұлова - Темір ауданы Алтықарасу ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, ол педагогика ғылымдарының магистрі. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу мектеп-балабақшасында көркем еңбек пәні мұғалімі болып еңбек етеді. 2005 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын «Кәсіптік оқыту және еңбек технологиясы» мамандығы бойынша бітіріп, кейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің білім беру институтынан «Бейнелеу өнері және сызу» бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

📃Еңбек жолын 2008 жылы Алтықарасу мектебінде бастаған Жамал Бақтығұлова осы мектепте көркем еңбек пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді. Педагогикалық санаты педагог-сарапшы, жалпы еңбек өтілі 26 жыл, педагогикалық өтілі 16 жыл.

📋Жамал Бақтығұлова 2022 жылдан бастап Еуродизайнерлер одағының, Қазақстанның педагогикалық академиясының ғылыми қауымдастық мүшесі және 2023 жылдан бастап Қазақстан этнодизайнерлер одағының мүшесі. Ол көптеген марапаттарға ие. 2024 жылы «Педагогикалық идеялар фестивалы» республикалық конкурсының аудандық және облыстық кезеңінде жүлделі орын алды, республикалық кезеңінде алғыс хат иеленді. 2023 жылы «Тараз жаухарлары» халықаралық симпозиумында «Ең үздік киім топтамасы» дипломына ие болды. 2024 жылы Темір ауданында «Жыл жаңалығы» атағын алды. 2025 жылы Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауында жүлделі орын, Астана әдістемелік орталығының «Көшпенділер мәдени мұрасы – ұлттық қолөнер құндылығы» халықаралық ғылыми конференциясында алғыс хат иеленді. 2026 жылы “Үздік педагог-2026” байқауының аудандық кезеңінде 1 орын, облыстық кезеңінде 2 орын алды.

🖇️Бақтығұлова Жамал Ұзақбайқызы — өз ісінің шебері, шәкірттеріне білім мен өнерді сыйлайтын, ұстаздық еңбегін шынайы махаббатпен атқаратын педагог.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности