+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 15 апреля 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Кітапханашы – білім мен руханияттың алтын діңгегі, жас ұрпақтың санасына сәуле құятын, кітап арқылы тәрбие мен тағылым беретін ерекше маман иесі. Ол – оқушы мен білімнің арасын жалғап, рухани байлыққа жетелейтін тұлға. Осындай өз ісіне адал, кәсібінің қыр-сырын…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

Кітапханашы – білім мен руханияттың алтын діңгегі, жас ұрпақтың санасына сәуле құятын, кітап арқылы тәрбие мен тағылым беретін ерекше маман иесі. Ол – оқушы мен білімнің арасын жалғап, рухани байлыққа жетелейтін тұлға.

Осындай өз ісіне адал, кәсібінің қыр-сырын жетік меңгерген мамандардың бірі – Қызбергенова Гүлғаным Әнуарбекқызы. Ол Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында дүниеге келген. Мектепті тәмамдаған соң Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтында «Тарих және география» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын 2000 жылы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде кітапхана меңгерушісі болып бастаған. Кейін Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша тәмамдады. Бүгінде бір салада 25 жылдан астам уақыт үздіксіз қызмет атқарып келеді.

Гүлғаным Қызбергенова – өз жұмысына тиянақты, жауапкершілігі жоғары маман. Ол оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруды басты міндеті санайды. Ұстанымы – жастарды кітап оқуға баулу арқылы саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеу. «Кітап оқитын ұлт – озық ұлт» деген қағиданы берік ұстанып, осы бағытта аянбай еңбек етуде.

Еңбегі елеусіз қалған емес. Ол «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана ұйымдастырған семинарда Алғыс хатпен (2021 ж), Тәуелсіздік күніне орай Ақтөбе облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен (2022 ж) марапатталған. Сонымен қатар «Үздік мектеп бұрышы – 2022» байқауында облыстық деңгейде ІІІ дәрежелі дипломға, аудандық деңгейде І дәрежелі дипломға ие болды. 2023 жылы Ақтөбе облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталса, 2024 жылы «AMANAT» партиясының Алғыс хатын алды.

Гүлғаным Әнуарбекқызы – тек білікті маман ғана емес, сонымен қатар үлгілі отбасы иесі. Ол – адал жар, үш баланы тәрбиелеп өсірген ардақты ана, бүгінде немере сүйіп отырған бақытты әже.

Еліміздің білім беру саласының дамуына өз үлесін қосып жүрген осындай еңбекқор жандар – қоғамның нағыз тірегі. Гүлғаным Әнуарбекқызының қажырлы еңбегі мен кәсібіне деген адалдығы көпке үлгі болары сөзсіз.

Ақтөбе облыстық кәсіподағы

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности