+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 24 мая 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ізденіс пен жаңашылдықты ту еткен ақтөбелік ұстаз – Айдана Аманжолова қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білікті маманы, зерттеуші-педагог. Ол 1990 жылдың 24 мамырында Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

✔️Ізденіс пен жаңашылдықты ту еткен ақтөбелік ұстаз – Айдана Аманжолова қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білікті маманы, зерттеуші-педагог. Ол 1990 жылдың 24 мамырында Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін үздік дипломмен тәмамдап, бүгінде Ойыл ауданындағы Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясында табысты еңбек етіп келеді.

📚 Айдана Аманжолова жыл сайын сапалы білім беріп, “Алтын белгі” иегерлерін дайындап келеді. 2021 жылы алғашқы түлектерін үлкен өмірге қанаттандырып, бір сыныптан алты оқушы “Алтын белгіні” абыроймен қорғап шықты. Бұл – ұстаз еңбегінің жемісі мен білім сапасының айқын көрсеткіші.

👩‍🏫 Айдана Аманжолова – шәкірт тәрбиесіне ерекше жауапкершілікпен қарайтын тәжірибелі сынып жетекші. Ол әр оқушының қабілеті мен қызығушылығын назардан тыс қалдырмай, түрлі үйірмелер мен шығармашылық жұмыстарға бағыттайды. Соның нәтижесінде сынып оқушылары қоғамдық және танымдық шараларға белсенді қатысады.

📖 Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында Ойыл аудандық кітапханасымен бірлесіп, сыныбын “Сұңқар” патриоттық клубына мүшелікке енгізді. Бұл – ұстаздың шәкірт тәрбиесіне жанашырлықпен қарап, олардың рухани дамуына да мән беретінінің дәлелі.

🏆 Ұстаз шәкірттері облыстық, республикалық деңгейдегі білім додаларында тұрақты түрде жүлделі орындарға ие болып келеді. Атап айтқанда, оқушылары “Мұқағали оқулары”, “Мағжан оқулары” байқауларының облыстық кезеңінде І орын иеленсе, “Ақберен оқуларының” да жеңімпазы атанды. Шығармашылыққа баулуды басты назарда ұстайтын ұстаздың шәкірті Аманаллах Серікұлы “Жыр мүшәйрасы” ақындар байқауының облыстық кезеңінде ІІ орын иеленді. Сонымен қатар, пәндік олимпиадаларда да жүлдегер оқушыларды жыл сайын дайындап келеді.

🎓 Айдана Аманжолова өзі де кәсіби шеберлігімен танылып, облыстық пәндік олимпиадада ІІ орын иеленді. “Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ұлттық құндылықтар арқылы оқу сауаттылығын арттыру” тақырыбындағы облыстық семинарда тәжірибесімен бөлісіп, Алғыс хатпен марапатталды.

💐 Жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, кәсіби қолдау көрсетіп жүрген ұстаздың ізденімпаздығы әріптестеріне үлгі.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности