+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 21 апреля 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ 🌟 Кітап – адамзаттың рухани байлығы, ал кітапханашы – сол қазынаны оқырманға жеткізуші алтын көпір. Осындай жауапты да абыройлы істі өмірлік кәсібіне айналдырған жанның бірі – Шалқар ауданы №8 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының  кітапхана меңгерушісі…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

🌟 Кітап – адамзаттың рухани байлығы, ал кітапханашы – сол қазынаны оқырманға жеткізуші алтын көпір. Осындай жауапты да абыройлы істі өмірлік кәсібіне айналдырған жанның бірі – Шалқар ауданы №8 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының  кітапхана меңгерушісі Ізтілеуова Индира Әбішқызы.


👩‍🏫 Индира Ізтілеуова — 1974 жылдың 1 қаңтарында Ақтөбе облысы Шалқар ауданында теміржолшылар отбасында дүниеге келген. Білімге деген құштарлығы ерте оянып, 1979 жылы мектеп табалдырығын аттайды. 1988 жылы Тоғыз станциясындағы мектептің 8-сыныбын аяқтап, білімін Шалқар қаласындағы І.Үргенішбаев атындағы орта мектепте жалғастырып, 1990 жылы толық орта білім алады.


📖 Сол жылы ол Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту училищесіне түсіп, «Кітапхана ісі» мамандығын таңдайды. 1992 жылы оқу орнын тәмамдап, кітапханашы біліктілігін иеленеді. Осылайша, оның кітапхана саласындағы өмір жолы басталады.
🏫 Еңбек жолын 1992 жылы Шалқар ауданы мәдениет үйіне қарасты Тоғыз ауылдық клубында клуб меңгерушісі әрі кітапханашы қызметінен бастайды. Бұл жылдар оның тәжірибе жинақтауына үлкен мүмкіндік берді. 2009 жылдан бастап №8 мектепте еңбек етіп, алдымен лаборант, кейін кітапханашы, қазіргі таңда кітапхана меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді.


👨‍👩‍👧‍👦 1999 жылы отбасын құрды, қазірде бір ұл, үш қыз тәрбиелеп отырған үлгілі ана. Отбасындағы береке мен жауапкершілік оның кәсіби өмірімен де ұштасып жатыр. Сонымен қатар Индира Ізтілеуова қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, 2010 жылдан бастап саяси ұйым мүшесі ретінде ел дамуына өз үлесін қосып келеді.


📚 Бүгінде ол оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани дамуына ықпал етіп жүрген, өз ісінің нағыз шебері әрі абыройлы маман иесі.

--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности