+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 17 июня 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұстаздық – жүрек жылуын, мейірім мен кәсіби шеберлікті талап ететін қасиетті мамандық. Осындай жауапты жолды өмірлік мұратына айналдырған білікті педагогтардың бірі – Көпенова Нәзира Еркінбайқызы. Жоғары білімді маман еңбек жолын 2006 жылы мектеп тәлімгері…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

⚜️Ұстаздық – жүрек жылуын, мейірім мен кәсіби шеберлікті талап ететін қасиетті мамандық. Осындай жауапты жолды өмірлік мұратына айналдырған білікті педагогтардың бірі – Көпенова Нәзира Еркінбайқызы.

⚜️Жоғары білімді маман еңбек жолын 2006 жылы мектеп тәлімгері ретінде бастап, ұйымдастырушылық қабілеті мен шығармашылық ізденісінің арқасында оқушыларды түрлі байқауларға дайындап, жоғары нәтижелерге жетеледі. Осы еңбегі үшін «Үздік тәлімгер» атағына ие болды.

⚜️2020 жылдан бері педагог-дефектолог қызметін атқарып келе жатқан Нәзира Еркінбайқызы қазіргі таңда Шиелі ауданындағы №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен нәтижелі жұмыс жүргізуде. Ол әр баланың бойындағы қабілетті ашып, олардың қоғамға бейімделуіне және шығармашылық тұрғыдан дамуына зор үлес қосып келеді. Сонымен қатар аудан көлеміндегі дефектолог мамандарға әдістемелік жетекшілік жасап, тәжірибесімен бөлісуде.

⚜️Педагогтың кәсіби жетістіктері шәкірттерінің табыстарымен тығыз байланысты. Оның жетекшілігімен оқушылар облыстық және республикалық деңгейдегі «Зерде» ғылыми жобалар конкурсында, «Менің қолымнан бәрі келеді», «Шексіз шығармашылық», «Шексіз әлем балалар көзімен» байқауларында, сондай-ақ «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумында жүлделі орындарға ие болды. «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауында шәкірттері аудандық кезеңнің Бас жүлдесін жеңіп алып, облыстық кезеңде де жоғары нәтиже көрсетті. Ал облыстық «Жүрек жылуы» конкурсында оқушысы арнайы дипломмен марапатталды.

⚜️Инклюзивті білім беру саласындағы ізденісі мен жаңашыл тәжірибесі де жоғары бағаланып, облыстық «Инклюзивті сыныпқа арналған жоспарлау» байқауында жүлделі орын иеленді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

⚜️Көпенова Нәзира Еркінбайқызы – кәсіби шеберлікті адамгершілікпен ұштастыра білген, шәкірт жетістігін өз қуанышындай қабылдайтын, білім мен мейірімді қатар дәріптеген ұстаз. Оның еңбегі мен өнегелі жолы әріптестеріне үлгі, ал шәкірттері үшін шабыт пен сенімнің қайнар көзі болып қала береді.

 

Қызылорда облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности