+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 25 июня 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Өскелең ұрпақтың бойына өнер мен білімнің шуағын дарытып, ұлттық құндылықтарды насихаттап, шәкірт тәрбиелеу жолында қажырлы еңбек етіп жүрген мұғалжарлық педагогтардың бірі – Бектұрғанова Бағила Оразбайқызы. Бектұрғанова Бағила Оразбайқызы Ақтөбе облысы Байғанин…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

🔹Өскелең ұрпақтың бойына өнер мен білімнің шуағын дарытып, ұлттық құндылықтарды насихаттап, шәкірт тәрбиелеу жолында қажырлы еңбек етіп жүрген мұғалжарлық педагогтардың бірі – Бектұрғанова Бағила Оразбайқызы.

🔘 Бектұрғанова Бағила Оразбайқызы Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Абай ауылында дүниеге келген. Білімге деген құштарлығы мен өнерге деген сүйіспеншілігі оны 2004 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтына жетелеп, аталған оқу орнында «Музыкалық білім» мамандығы бойынша білім алып, 2008 жылы жоғары оқу орнын тәмамдады.

☑️Еңбек жолын 2008 жылы Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясында бастаған жас маман аз уақыттың ішінде өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, шығармашыл ұстаз ретінде танылды. 2011 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы балалар музыка мектебінде қызмет атқарып келеді. Осы жылдар ішінде талай шәкірттің өнерге қанат қағып, шығармашылық қабілетін дамытуына ықпал етті.

📑Сонымен қатар Бағила Бектұрғанова мектеп ұстаздарынан құрылған «Дала сазы» фольклорлық ансамблінің белсенді мүшесі ретінде ұлттық өнерді дәріптеу, халқымыздың мәдени мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау бағытында жемісті еңбек етіп келеді.

🔰Ұстаз еңбегінің басты көрсеткіші – шәкірт жетістігі. Бағила Бектұрғанованың шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленуде. Бұл – ұстаздың кәсіби шеберлігі мен табанды еңбегінің айқын жемісі.

📃Шәкірттерінің жеңістерімен қатар,оның өзі де кәсіби қызметінде елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Атап айтқанда, аудандық «Үздік қосымша педагогі – 2023» байқауында Бас жүлдені иеленсе, облыстық «Үздік қосымша білім беру педагогы – 2024» байқауында ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ білім беру саласындағы жемісті еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хатымен, Ақтөбе облысының Білім басқармасы мен салалық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен, Мұғалжар ауданы әкімінің және аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. 2026 жылы республикалық «Саз әлемінің сардары» қазақ халық аспаптық ансамбльдер байқауында ІІІ орын иеленуі де оның шығармашылық ізденісі мен өнерге деген адалдығының жарқын дәлелі болды.

🔻Өз ісіне берілгендік, кәсіби біліктілік, шығармашылық ізденіс пен шәкірттерге деген қамқорлық – Бағила Бектұрғанованың ұстаздық болмысына тән қасиеттер. Осындай өз ісінің шебері атанған ұстаздың еңбегі әрдайым құрмет пен қошеметке лайық. Болашақта да шәкірттерімен бірге талай биіктерді бағындырып, өнер мен білімнің өрісін кеңейте беруіне тілектеспіз.

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности