+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 03 июля 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұстаздық – үлкен жауапкершілік пен үздіксіз ізденісті талап ететін қасиетті мамандық. Осы жолды жүрек қалауымен таңдап, шәкірт тәрбиесін өмірінің басты мұратына айналдырған ұстаздардың бірі – Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы №36 Ә. Тәжібаев атындағы…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

Ұстаздық – үлкен жауапкершілік пен үздіксіз ізденісті талап ететін қасиетті мамандық. Осы жолды жүрек қалауымен таңдап, шәкірт тәрбиесін өмірінің басты мұратына айналдырған ұстаздардың бірі – Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы №36 Ә. Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серікбаева Ақмарал Серікбайқызы.

Еңбек жолын 2012 жылы бастаған педагог өзге ұлт оқушыларына мемлекеттік тілді сапалы меңгертіп, қазақ халқының тілі мен мәдениетіне деген құрметті қалыптастыру бағытында нәтижелі еңбек етіп келеді. Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөледі.

Ұстаз еңбегінің жемісі – шәкірттерінің жетістігі. Оның жетекшілігімен оқушысы Алдамұратова Зере Дінмұхаммед Қонаевтың 110 жылдығына арналған республикалық «Үздік эссе» байқауында жүлделі орынға ие болып, шығармашылық жұмысы арнайы жинаққа енді. Сондай-ақ, Пак Михайл «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» республикалық олимпиадасында ІІ орын иеленіп, республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңінде І орынға қол жеткізді. Бұдан бөлек, «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында Серік Жанерке, Алиакбарова Раяна, Сәдуақас Талшын сынды шәкірттері жүлделі орындардан көрініп, білім додаларында жоғары нәтиже көрсетті.

Ақмарал Серікбайқызының өзі де кәсіби шеберлігімен танылып келеді. Ол Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйымдастырған республикалық терминологиялық байқаудың І орын иегері атанса, облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасындағы кітап оқу сайысында да І орынды жеңіп алды.

Ұстаз үшін ең үлкен марапат – шәкіртінің жетістігі. Өз ісіне адал, кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіріп жүрген Ақмарал Серікбайқызы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етіп, әріптестеріне үлгі болып келеді. Осындай еңбегімен ол «Өз ісінің шебері» атағына әбден лайық педагог.

Қызылорда облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности