+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 07 июля 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Тәрбие – ұлттың болашағын қалыптастыратын қасиетті іс. Ал, сол жауапты міндетті жүрек қалауымен атқарып, әрбір бүлдіршіннің бойына адамгершілік пен білімнің алғашқы дәнін себетін тәрбиеші – қоғамның ең қымбат жанашырларының бірі. Осындай өз ісіне адал, кәсібіне…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

🔰Тәрбие – ұлттың болашағын қалыптастыратын қасиетті іс. Ал, сол жауапты міндетті жүрек қалауымен атқарып, әрбір бүлдіршіннің бойына адамгершілік пен білімнің алғашқы дәнін себетін тәрбиеші – қоғамның ең қымбат жанашырларының бірі. Осындай өз ісіне адал, кәсібіне жан-тәнімен берілген ақтөбелік ұстаздардың қатарында Қонысова Айсапар Төлегенқызының есімі ерекше аталады.

📑Қонысова Айсапар Төлегенқызы —1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Алатау ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Алатау орта мектебінің табалдырығын аттап, 2000 жылы мектепті сәтті тәмамдады. Білімге деген құштарлығы оны 2002 жылы Шымкент қаласындағы Отырар университетіне жетелеп, 2007 жылы жоғары білім туралы дипломға ие болды.

☑️Еңбек жолын 2010 жылы Ленгір қаласындағы №7 жалпы орта мектеп жанындағы «Балапан» шағын орталығында тәрбиеші болып бастады. Бұл жылдар оның кәсіби қалыптасуына, тәжірибе жинақтауына үлкен мектеп болды. Ал, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы 2014 жылдан бастап «Самал» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші қызметін абыроймен атқарып келеді.

📃Өз мамандығына деген сүйіспеншілігі мен ізденімпаздығының арқасында Айсапар Қонысова білімін жетілдіруді тоқтатқан жоқ. 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне оқуға түсіп, 2017 жылы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін сәтті аяқтады. Бұл оның кәсіби шеберлігін жаңа деңгейге көтеріп, шығармашылық әлеуетін одан әрі дамытуға жол ашты.

🔹Бүгінде Айсапар Қонысова – жаңашыл идеяларды тәжірибесінде тиімді қолданып, тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлетін білікті маман. Ол балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, түрлі республикалық байқауларға қатыстырып, олардың жеңіс тұғырынан көрінуіне зор үлес қосып келеді.

🔻 Табанды еңбек пен үздіксіз ізденістің нәтижесінде Айсапар Төлегенқызы түрлі деңгейдегі байқауларда жеңімпаз атанып, көптеген марапаттар мен алғыс хаттарға ие болды.

🔸Нағыз педагог – тек білім беруші ғана емес, ол – баланың жүрегіне жол таба білетін тәлімгер. Айсапар Қонысованың әрбір жетістігінің артында тынымсыз еңбек, үздіксіз ізденіс, балаларға деген шынайы қамқорлық пен мамандығына деген адалдық жатыр.

📝Осындай өз ісінің шебері, шығармашыл әрі жаңашыл педагогтың еңбегі – кейінгі жас мамандарға үлгі, ал тәрбиелеп отырған шәкірттері – елдің жарқын болашағының кепілі. Қонысова Айсапар Төлегенқызының кәсіби жолы – адал еңбек пен табандылықтың, үздіксіз ізденіс пен шынайы сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.

Ақтөбе облыстық кәсіподағы

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности