+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 13 июля 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Әрбір шәкірттің жүрегіне білімнің шуағын сеуіп, мейірім мен жауапкершілікті өмірлік ұстанымына айналдырған ұстаз – Тлеумбетова Жұмагүл Жоламанқызы. Тлеумбетова Жұмагүл Жоламанқызы — 1975 жылдың 10 қазанында Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кентінде дүниеге…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

🔰Әрбір шәкірттің жүрегіне білімнің шуағын сеуіп, мейірім мен жауапкершілікті өмірлік ұстанымына айналдырған ұстаз – Тлеумбетова Жұмагүл Жоламанқызы.

✅Тлеумбетова Жұмагүл Жоламанқызы — 1975 жылдың 10 қазанында Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кентінде дүниеге келген. Алғашқы білімін №1 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін мектебінде алып, 1992–1994 жылдары Ақтөбе медицина училищесінде «Мейірбике» мамандығы бойынша білім алды.

📑Еңбек жолын 1994 жылы Темір аудандық ауруханасында мейірбике болып бастап, адам денсаулығын сақтауға өз үлесін қосты. 1999–2004 жылдары №4 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп мейірбикесі қызметін абыроймен атқарды.

📝Білім беру саласына деген қызығушылығы мен ұстаздық мамандыққа деген шынайы сүйіспеншілігі оны жаңа белестерге жетеледі. 2000–2004 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

◾️2005–2009 жылдары мектеп кітапханашысы, ал 2010–2012 жылдары мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі қызметтерін атқарып, мол тәжірибе жинақтады. 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін №4 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде жемісті еңбек етіп келеді. Өз ісіне адалдығы, кәсіби шеберлігі мен жаңашыл ізденісі арқылы оқушыларының сапалы білім алып, жан-жақты дамуына сүбелі үлес қосуда.

✳️Ұзақ жылғы тынымсыз еңбегі мен білім беру саласына қосқан үлесі ескеріліп, түрлі марапаттарға ие болды. Оның шәкірттері аудандық, облыстық және республикалық пәндік олимпиадаларда, сондай-ақ зияткерлік және шығармашылық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, ұстаз еңбегінің жемісті нәтижесін айқын көрсетіп келеді.

🔸Жұмагүл Тлеумбетова – кәсіби біліктілігі жоғары, ұжым арасында зор құрметке ие, ата-аналардың сеніміне ие болған, шәкірттерінің жүрегінен ерекше орын алған тәжірибелі педагог. Ол әрбір оқушының қабілетін танып, білімге деген қызығушылығын арттыру жолында аянбай еңбек етіп келеді.

🧩 Өз ісінің шебері атанған Жұмагүл Тлеумбетова елеулі еңбегі мен ұстаздық өнегесі жас буынға бағыт-бағдар беріп, әріптестеріне үлгі болып келеді.

--

Ақтөбе облыстық кәсіподағы

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности