+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 23 апреля 2025

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұстаз — ұлы тұлға. Ұстаздық жолды жүрек қалауымен таңдаған, әр шәкіртінің жүрегінен жол тауып, білім мен тәрбиенің дәнін себуші жандардың бірі - Хромтау ауданы, Құдықсай ауылының тумасы Мұқанова Мереке Жұланқызы. Мереке Жұланқызы 1975 жылы 7 тамызда дүниеге…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

📚Ұстаз — ұлы тұлға. Ұстаздық жолды жүрек қалауымен таңдаған, әр шәкіртінің жүрегінен жол тауып, білім мен тәрбиенің дәнін себуші жандардың бірі - Хромтау ауданы, Құдықсай ауылының тумасы Мұқанова Мереке Жұланқызы.

📂Мереке Жұланқызы 1975 жылы 7 тамызда дүниеге келген. Орта білімді туған ауылындағы мектепте алып, кейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде 1992–1997 жылдары математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алған. Білім алып, үлкен өмірге жолдама алған жас маман еңбек жолын 1997 жылы №1 Хромтау орта мектебінде бастайды. Содан бері осы білім ордасында үздіксіз еңбек етіп келеді.

🖇️27 жылға жуық ұстаздық тәжірибесі бар Мереке Мұқанова - жаңашыл, шығармашыл, ізденімпаз әрі кәсіби шебер ұстаз. Ол өз пәнін терең меңгерген, білім берудің заманауи талаптарына сай әдіс-тәсілдерді шебер қолдана алатын педагог-зерттеуші. Мереке Мұқанова үшін әрбір сабақ — шығармашылық алаңы. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен ізденуге, зерттеуге баулу - ұстаздың басты мақсаты. Ол сабақтарында инновациялық әдіс-тәсілдерді, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Математика пәнін оқытуда жоғары кәсіби біліктілігімен ерекшеленіп, нәтижелі еңбегімен танылып жүр.

✒️Ұстаздың шәкірттері жыл сайын аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жүлделі орындарды иеленуде. Сонымен қатар, дарынды оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп, олардың қабілеттерін ұштап, үлкен биіктерге жетелеуде.

📌Мұқанова Мереке Жұланқызы — білім беру саласындағы тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесінде бірнеше мәрте республикалық, облыстық және халықаралық деңгейдегі байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпазы атанған. Атап айтқанда, ол «Педстарт» және республикалық пәндік педагогикалық олимпиадаларда, «Формула успеха» халықаралық олимпиадасында, «Шығармашылық педагог», «Үздік ашық сабақ», «Үздік портфолио» сынды байқауларда жүлделі орындарды иеленіп, «Қазақстан ұстазы» энциклопедиясына енген. Сонымен қатар, облыстық пәндік және педагогикалық олимпиадаларда, «Математикалық регата» сайысында үздік нәтижелер көрсетіп, жоғары дәрежелі дипломдармен марапатталған. Бұл жетістіктер ұстаздың білім беру ісіне сіңірген зор еңбегі мен шығармашылық ізденісінің айқын дәлелі.

📖Мұқанова Мереке Жұланқызы — өз ісінің шебері, жаңашыл ойлайтын, шәкірт жүрегіне жол таба білген шынайы ұстаз. Бүгінгі ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына сүбелі үлесін қосып жүрген мұғалімнің еңбегі ел үшін қашан да құрметке лайық.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности