+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨСКЕМЕНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕ…
Новости территориальных организаций 21 мая 2026

ӨСКЕМЕНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

ӨСКЕМЕНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

ӨСКЕМЕНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ 21 мамырда Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Абай» залында Салалық кәсіподақтың үшжақты комиссиясының жоспарына сәйкес ауқымды аймақтық семинар өтті. Жиынның басты тақырыбы -…

ӨСКЕМЕНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

21 мамырда Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Абай» залында Салалық кәсіподақтың үшжақты комиссиясының жоспарына сәйкес ауқымды аймақтық семинар өтті. Жиынның басты тақырыбы - «Оқу-ағарту саласындағы еңбек қатынастарын реттеудегі әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімнің рөлі».

Семинардың басты мақсаты - білім беру мекемелеріндегі еңбек қатынастарын реттеудегі Салалық келісімнің маңызын түсіндіру, әлеуметтік әріптестік аясында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін талдау және кәсіподақ пен жұмыс беруші арасындағы тиімді диалогты арттыру. Жиын барысында әртүрлі деңгейдегі (аудандық-қалалық, аймақтық, салалық) жасалған келісімдерге өзгерістер мен ұсыныстар енгізу мәселелері қызу талқыланды.

Шараға білім беру ұйымдарының басшылары, заңгерлер, есепшілер, кадр мамандары, сондай-ақ аудандық, қалалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен белсенділері (жалпы саны 136 адам) қатысты.

Семинар қоғамдық қабылдаумен басталды. Шара барысында қатысушылар еңбек даулары, демалыс күндері және өтемақы төлемдеріне қатысты көкейкесті сұрақтарын қойып, оларға жауаптар алды. Жиынға қатысқан заңгерлер, аппарат қызметкерлері және аудандық/қалалық төрағалар қатысушыларға құқықтық тұрғыдан қосымша ақпарат берді. Қатысушылар өздерін толғандырған нақты мәселелерді ашық ортаға салды. Жиналған ұсыныстар алдағы уақытта Салалық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге негіз болмақ.

Шараны Салалық кәсіподақтың Шығыс Қазақстан облыстық ұйымының төрағасы Назгүл Қасенова ашып, салалық Келісімнің маңызына тоқталды: «Салалық келісім жай ғана құжат емес. Бұл - мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы мүдделер тепе-теңдігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық құрал. Қолданыстағы келісімнің мерзімі аяқталып, алдағы 2027–2029 жылдарға арналған жаңа құжат әзірленіп жатқандықтан бізге оның мазмұнына қатысты тәсілдерді қайта қарау қажет».

Шара барысында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Жанғазы Әліпбаев сөз алып, әлеуметтік әріптестіктің өңірдегі білім беру сапасын арттыру мен тұрақтылықты сақтаудағы маңызды рөліне тоқталды.

Семинардың негізгі спикері — Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Айдарбек Бектабанов болды. Ол екі ауқымды тақырыпта баяндама жасады: «Әлеуметтік әріптестік және оқу-ағарту саласындағы еңбек қатынастарын реттеудегі салалық келісімнің рөлі», «Білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларын қолдану». Өз сөзінде спикер заңнамалық нормаларды дұрыс қолдану және қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзбау тетіктерін нақты мысалдармен түсіндірді.

Семинардың ең белсенді бөлігі «Білім беру саласындағы еңбек қатынастары: өзекті мәселелер мен шешу жолдары» атты диалог алаңына ұласты. Мұнда қатысушылар жұмыс барысында кездесетін мәселелерін ортаға салып, А.Бектабановтан жауаптар алды. Сондай-ақ, Салалық келісімдердің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар туралы айтылды.

Шараның салтанатты сәтінде өңірдегі әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан елеулі үлесі және қызметкерлердің құқықтарын қорғаудағы белсенді қызметі үшін бірқатар білім беру ұйымдарының басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары Салалық кәсіподақтың Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Жиын соңында ұйымдастырушылар мен қатысушылар атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы уақытта да кәсіподақ пен жұмыс берушілер арасындағы ашық әрі сындарлы диалогты жалғастыра беретіндіктерін жеткізді.

Мұндай іс-шаралар еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және әрбір сала қызметкерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы

ӨСКЕМЕНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ
ӨСКЕМЕНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ
ӨСКЕМЕНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ
ӨСКЕМЕНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ
ӨСКЕМЕНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ
1 / 5
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности