+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДА БІРҚАТАР БІЛІМ МЕК…
Новости территориальных организаций 16 апреля 2025

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДА БІРҚАТАР БІЛІМ МЕКЕМЕСІН АРАЛАДЫ

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДА БІРҚАТАР БІЛІМ МЕКЕМЕСІН АРАЛАДЫ

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДА БІРҚАТАР БІЛІМ МЕКЕМЕСІН АРАЛАДЫ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, өңірдегі бірқатар білім беру нысандарын аралады. Министрдің басты назары техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жай-күйіне ауды…

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДА БІРҚАТАР БІЛІМ МЕКЕМЕСІН АРАЛАДЫ

🔰Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, өңірдегі бірқатар білім беру нысандарын аралады. Министрдің басты назары техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жай-күйіне ауды.

🔰Сапар аясында министр Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжіне барды. Бұл – аймақтағы тарихи әрі заманауи бағытта жұмыс істейтін оқу орындарының бірі. Колледжде қыш шеберлігі, зергерлік өнер, IT сияқты бағыттар бойынша мамандар даярланып жатыр. «Жас маман» жобасы аясында мұнда IT және қолөнер салалары бойынша республикалық деңгейдегі құзыреттілік орталықтары құрылған. Қазіргі таңда колледжде студенттер 11 мамандық және 13 біліктілік бойынша білім алуда.

🔰Министр ұжыммен кездесу барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі жаңғырту қажеттігін атап өтті. Колледждерді заманауи инфрақұрылыммен жабдықтап, оларды сапалы кадр даярлайтын орталықтарға айналдырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, оқу орындарының өндірістік базасында жасалған өнімдерді нарыққа шығарып, қаржы табу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты.

🔰Сапар барысында Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №33 жаңа мектептің жұмысымен танысты. Облыста осындай 29 мектептің құрылысы жүргізілуде, олардың 13-і пайдалануға берілген. Министр мектептегі оқу-тәрбие процесінің сапасына, педагогтердің біліктілігіне баса назар аударуды тапсырды.

🔰Аймақтағы білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді. Бүгінде Түркістан облысында 50 колледж, 1100-ден астам мектеп пен 1426 балабақша жұмыс істейді. Биыл облыстағы колледждерге 15 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлініп, жаңа 11 жұмысшы мамандығына лицензия берілді. Олардың қатарында агрохимия, жылыжай шаруашылығы, ұшу аппараттарының операторы, лифт шаруашылығы сияқты сұранысқа ие мамандықтар бар.

🔰Министрдің өңірге сапары барысында Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла да белсенділік танытып, білім беру ұйымдарының еңбек ұжымдарымен және басшыларымен ашық пікір алмасу алаңында болды. Ол кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, жаңа бастамаларға қолдау білдірді.

🔰Кәсіподақ ұйымының басшысы ретінде Жандос Шайдулланың мұндай шараларға қатысуы білім саласындағы әлеуметтік әріптестікті нығайтуда, ұстаздардың мүддесін жоғары деңгейде жеткізуде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДА БІРҚАТАР БІЛІМ МЕКЕМЕСІН АРАЛАДЫ
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДА БІРҚАТАР БІЛІМ МЕКЕМЕСІН АРАЛАДЫ
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДА БІРҚАТАР БІЛІМ МЕКЕМЕСІН АРАЛАДЫ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности