+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ "КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2024"
Новости 30 октября 2024

ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ "КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2024"

ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ "КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2024"

ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ "КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2024" Бүгін, 31 қазан күні, қазақ күресінен «Кәсіподақ барысы – 2024» республикалық турнирінің жалауы Жамбыл жерінде желбіреді. Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығына арналған…

ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ "КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2024"

Бүгін, 31 қазан күні, қазақ күресінен «Кәсіподақ барысы – 2024» республикалық турнирінің жалауы Жамбыл жерінде желбіреді.

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығына арналған турнирдің тусауы тұңғыш рет Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында кесілді.

Халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық спорт түрлерінің бірі – қазақ күресін дамытуға арналған кәсіподақ мүшелері арасындағы байрақты бәсекенің ашылу салтанатында Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева, Жамбыл облысы спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Тәуірбек Қарауылтегі құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Салалық кәсіподақ ұлттық спорт түрін дамытуға бағытталған республикалық сайысты сапалық тұрғыдан одан әрі дамытып, дәстүрлі түрде өткізуді қолға алады. Ұлттық спорт жарысы - қазақ күресі, «Кәсіподақ барысы» жасай берсін»,- деді Айгүл Мұқашева.

Жамбыл облысы спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Тәуірбек Қарауылтегі өз сөзінде «Әулиеата өңірі ел тарихында есімдері алтын әріптпен жазылған талай тарландар туған қасиетті өлке. Киелі мекенге келіп, «Кәсіподақ барысына» қатысудың өзі жеңіс деп біліңіздер» деп барша қатысушыларды жеңіске жігерлендірді.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу , салалық деңгейде қазақ күресінің дәрежесін көтеру, кәсіподақ ұйымдары арасында шынайы бәсекелестікті дамыту мақсатында өткізілген байрақты бәсекеге республикамыздың барлық аймағынан 40-қа жуық балуан қатысты.

Боз кілемде 90 кг дейін және 90 кг жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен кәсіподақ мүшелері «Кәсіподақ барысы» атағын сарапқа салды.

Тартысты өткен турнир қорытындысында 90 кг дейін салмақ дәрежесінде

▪️І орынды - Жамбыл облысы, Шу ауданындағы №40 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалім Бақдаулет Қазыбек,

▪️ІІ орынды - Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сағат Ғазимов ,

▪️ІІІ орынды - Қостанай облысындағы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының жаратылыстану және информатика факультетінің оқытушысы Нұрсұлтан Сәлімжанов еншіледі.

90 кг жоғары салмақ дәрежесінде

▪️І орын - Ақмола облысы, Целиноград ауданы Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрболат Айсағалиевке,

▪️ІІ орын - Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық мектептен тыс №1 Аула клубының қазақ күресі мұғалімі Жанкелді Айтжанға,

▪️ІІІ орын - СҚО, Ақжар ауданы «Қазан орта мектебі» ҚММ, әлеуметтік ұстаз, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Батырбек Хамитқа бұйырды.

Туринирге белсенді қатысқан 31 балуан Салалық кәсіподақтың Алғыс хаттары мен 50 мың теңгелік ынталандыру сыйақысына ие болды.

Жарыс жеңімпаздарына Диплом, арнайы медальдар мен қаржылай сыйақылар табыс етілді.

І орын жүлде қоры – 500 000 (бес жүз мың) теңге, ІІ орын – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге, ІІІ орын – 250 000 (екі жүз елу мың) теңге.

Республикалық жарысты қорытындылаған Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева жеңімпаздарды құттықтап, жарысты өткізуге атсалысқан төрешілерге, спортшыларды белдесуге баптап әкелген жаттықтырушыларға алғысын жеткізді.

 

✍️ Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі

ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ "КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2024"
ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ "КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2024"
ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ "КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2024"
ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ "КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2024"
ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ "КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2024"
ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ "КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2024"
ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ "КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2024"
ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ "КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2024"
ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ "КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2024"
ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ "КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2024"
ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ "КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2024"
ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ "КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2024"
1 / 12
Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности