+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Новости территориальных организаций 07 апреля 2026

ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ Өңірлер арасындағы ынтымақтастық, берік байланыс жыл санап жақсарып келеді. Бұған дейін әріптестік байланыс Қызылорда мен Жамбыл облысының арасында орнаған болса, биыл олардың қатарына Түркістан облысы қосылды. Сөйтіп, үш аймақ арасындағы…

ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Өңірлер арасындағы ынтымақтастық, берік байланыс жыл санап жақсарып келеді. Бұған дейін әріптестік байланыс Қызылорда мен Жамбыл облысының арасында орнаған болса, биыл олардың қатарына Түркістан облысы қосылды. Сөйтіп, үш аймақ арасындағы Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының ынтымағы жаңа деңгейге көтерілген жайы бар.

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Кәсіподақ үйі» ғимаратының мәжіліс залында үш өңір делегациясы бас қосты. Келелі жиынды Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ашып, өңіраралық әріптестік байланыстың негізгі мақсатымен таныстырды.

– Білім қызметкерлері кәсіподағының бүгінгі күні атқарып отырған жұмысының жауапкершілік жоғары. Өкінішке орай, әлі күнге кәсіподақ ұйымының жұмысын шипажайларға жолдама таратумен, түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырумен айналысатын ұйым деп танитын азаматтар көп. Шындығында олай емес, оны сіздер де, біз де жақсы білеміз. Ал бүгінгі басқосуымыздың мақсаты – бір-бірімізбен жұмыс барысында тәжірибе алмасу. Күрмеуі тарқатылмаған мәселелердің жолын бірге талқылап, шешу жолдарын іздестіру. Кездесу барысында тәжірибе алмаса отырып, алдағы жұмыс жоспарымызды жаңа бағытта құру, – деді Ерұлан Сәбенұлы.

Білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының төрағасы Гүлнәр Есқалиева өз сөзінде Жамбыл облыстық жергілікті кәсіподағымен арадағы әріптестік байланыс он жылдан аса жалғасып келе жатқанын ерекше атап өтті. «Жұмыс барысында байқағаным, әрбір аймақтың өзіндік ерекшелігі болады. Біз барған жерімізде сол өңірдің бір идеясын алып қайтуға тырысамыз. Енді биыл қатарымызға Түркістан облысы қосылып отыр. Біздің бір-бірімізден жасыратын құпиямыз жоқ. Өз басым бүгінгі басқосуымызды әріптестік іс-шара, әріптестік бағыттағы құжатқа қол қою рәсімі деп білемін» деді ол.

Ал Қазақстандың салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылып отырған аймақаралық семинарға арнайы бір топ болып келіп отырғанын жеткізді.

«Жамбыл өңірінде ұйымдастырылған, мазмұны жоғары әріптестік семинардан маңызды ақпарат алып, жұмысымызды жаңа бағытта құрсақ деген ниетіміз бар. Біздің осы семинардан үйренеріміз көп болады деген ойдамын. Ал бүгінгі қол қоятын меморандум әріптестік байланысымызды бұрынғыдан да арттыра түседі деген сенімдемін» деді Жандос Шайдулла.

Осыдан кейін білім және ғылым саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, өңіраралық деңгейде өзара ынтымақтастықты арттыру мақсатында Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстық ұйымдарының төрағалары Меморандумға қол қойылды.

Меморандум мақсаты – кәсіподақтық мүшелік пен қызметке алынған білім беру ұйымдарындағы сала қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау. Кәсіби білім-білігі мен мәртебесін арттыру, еңбек ұжымдарындағы оңтайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, демалдыру мен сауықтыру, бос уақытын тиімді пайдалану мүмкіндіктерін қамтамасыз етуде өзара тәжірибе алмасу, аймақаралық ынтымақтастықты нығайту.

 

Жамбыл облыстық ұйымы.

ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
1 / 5
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности