+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨНЕРМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН ҰСТАЗДЫҚ ҒҰМЫР
Новости территориальных организаций 29 июля 2026

ӨНЕРМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН ҰСТАЗДЫҚ ҒҰМЫР

ӨНЕРМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН ҰСТАЗДЫҚ ҒҰМЫР

ӨНЕРМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН ҰСТАЗДЫҚ ҒҰМЫР ​Ұстаз — ұлттың рухани тірегі. Ал өз өмірін шәкірт тәрбиесіне арнаған, еңбегімен де, адамгершілігімен де көпке үлгі бола білген жандар әрдайым құрметке лайық. ​Осындай ардақты азаматтардың бірі — Баяғанов Мұхамед Кеңесұлы. Ол СҚО Ақжар ауданы…

ӨНЕРМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН ҰСТАЗДЫҚ ҒҰМЫР

​Ұстаз — ұлттың рухани тірегі. Ал өз өмірін шәкірт тәрбиесіне арнаған, еңбегімен де, адамгершілігімен де көпке үлгі бола білген жандар әрдайым құрметке лайық.

​Осындай ардақты азаматтардың бірі — Баяғанов Мұхамед Кеңесұлы. Ол СҚО Ақжар ауданы, Май орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі.

​Мұхамед Кеңесұлының педагогикалық еңбек өтілі — 41 жыл. Бұл — бір адамның ғұмырындағы тұтас бір дәуір. Осы жылдар ішінде ол көптеген шәкірттің жүрегіне өнерге деген сүйіспеншілік ұялатып, музыка арқылы тәрбие мен ізгіліктің дәнін септі.

​Ұстаздың сабағы әрдайым ерекше атмосферасымен есте қалады. Әр сабағы мемлекеттік әнұранмен басталады. Ол музыка пәнін тек ән айту немесе нота үйрету деп қана қоймай, баян аспабында ойнап, әр әуеннің мәні мен мазмұнын шәкірт жүрегіне жеткізе білді. Баяннан төгілген қоңыр әуендер сабаққа ерекше жылулық пен рухани тереңдік сыйлайтын.

Мұхамед Кеңесұлы — ақкөңіл, мейірімді, сабырлы ұстаз. Ұстаздың жылы сөзі мен шынайы қамқорлығы талай оқушыға өмірлік бағыт бергені анық. Әріптестер арасында да ол сыйлы, ақыл-кеңесін аямайтын, әрдайым қолдау көрсетуге дайын азамат. Ұжымдастары оны тек білікті маман ретінде емес, үлкен жүректі, кең пейілді адам ретінде құрметтейді.

Бүгінде Мұхамед Кеңесұлы тәрбиелеген шәкірттердің арасында өнер жолын таңдағандар да, елге қызмет етіп жүрген азаматтар да бар. Бұл оның маңдай термен атқарған еңбегінің жарқын дәлелі. Мұхамед Кеңесұлының еңбек жолы жас ұрпақ пен жас мамандар үшін үлгі тұтарлық өнеге.

​

Солүстік Қазақстан облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности