+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › «ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ – 2025» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Новости территориальных организаций 12 ноября 2025

«ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ – 2025» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ – 2025» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ – 2025» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ Кентау қаласы білім беру ұйымдарының жас мұғалімдері арасында дәстүрлі «Өнерлі ұстаз – 2025» қалалық байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқау Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясының акт залында өтіп, оған қала мектептерінен…

«ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ – 2025» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Кентау қаласы білім беру ұйымдарының жас мұғалімдері арасында дәстүрлі «Өнерлі ұстаз – 2025» қалалық байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқау Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясының акт залында өтіп, оған қала мектептерінен 40 жасқа дейінгі өнерге бейім, шығармашыл ұстаздар қатысты.

Биылғы сайысқа барлығы 24 ұстаздың ішінен 15 мұғалім іріктеліп, өзара бақ сынасты. Байқау үш кезеңнен тұрды:

1-кезең – «Таныстыру»,

2-кезең – «Ситуациялық сұрақтар»,

3-кезең – «Өз өнері».

Қатысушылар алғашқы кезеңде бейнеролик арқылы өздерін шығармашылық тұрғыда таныстырып, екінші кезеңде әділқазылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезеңде ұстаздар өз өнерлерін ортаға салып, аспапта ойнап, ән шырқап, шәкірттерімен бірге сахнада әсерлі өнер көрсетті.

Байқаудың әділқазылар алқасы құрамында Білім бөлімінің әдіскері Омаров Ерлан, №1 мектеп-гимназия директоры Бахалиева Гүлшат, №14 Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімдері Жусупова Күлайша мен Усенов Әділбек, сондай-ақ Исаков Шухрат болды.

Әділқазылар шешімімен:

🥇 І орын – Ақынтұма атындағы №11 мектептің мұғалімі Хамидов Хусниддин;

🥈 ІІ орын – №4 Ататүрік атындағы мектеп-лицейдің ұстазы Ибаділлә Бағлан;

🥉 ІІІ орын – №1 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Орынбасар Айдана иеленді.

Сонымен қатар ерекше өнерімен көзге түскен ұстаздар арнайы номинациялармен марапатталды:

№6 А.С. Пушкин атындағы мектептің мұғалімі Серікбай Асанәлі – «Өмірін сазбен өрген ұстаз»; С.Бәйтереков атындағы балалар саз мектебінің ұстазы Утембаева Аружан – «Сазды жүрек иесі»;

№9 С.Қожанов атындағы мектептің мұғалімі Мұхан Айжан – «Өнермен өмірін өрген ұстаз» номинацияларына ие болды.

Барлық қатысушылар Кентау қалалық білім беру бөлімі тарапынан дипломдармен және Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитеті тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Кентау қалалық кәсіподақ комитеті ұстаздардың еңбегін ұлықтап, олардың шығармашылығын қолдауға әрдайым атсалысып келеді. Бұл жолы да кәсіподақ тарапынан көрсетілген демеушілік пен рухани қолдау қатысушылардың шабытын арттырып, байқаудың жоғары деңгейде өтуіне өз септігін тигізді.

Өнер мен ұстаздықты қатар өрген мұғалімдеріміздің еңбегі жас ұрпақтың жүрегіне жол таба берсін!

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности