+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › МҰҒАЛЖАРДА КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Новости территориальных организаций 11 января 2026

МҰҒАЛЖАРДА КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МҰҒАЛЖАРДА КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МҰҒАЛЖАРДА КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Бүгін Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жылдық есеп беру жиыны өтіп, 2025 жылы атқарылған жұмыстар кеңінен сараланды. Маңызды басқосуға 100-ге жуық кәсіподақ мүшесі қатысты. Басқосуда алдымен…

МҰҒАЛЖАРДА КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

✏️Бүгін Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жылдық есеп беру жиыны өтіп, 2025 жылы атқарылған жұмыстар кеңінен сараланды. Маңызды басқосуға 100-ге жуық кәсіподақ мүшесі қатысты.

🖇️Басқосуда алдымен Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова сөз сөйлеп, облыстық кәсіподақ ұйымының 2025 жылғы атқарған жұмыстарына тоқталды. Ол кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарын атап өтіп, әлеуметтік әріптестікті нығайту, педагогтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау, мүшелерге көрсетілетін құқықтық көмектің маңызын ерекше атап өтті.

☑️Айта кетейік, өткен жылы кәсіподақ ұйымы еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, педагогтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты жұмыстарды жүзеге асырды.

🔹Сондай-ақ жиында облыстық кәсіподақ ұйымына түскен жарналардың жұмсалуы жөнінде есеп беріліп, оның әлеуметтік қолдау мен сауықтыру шараларына бағытталғаны атап өтілді.

✒️Одан кейін Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Жұмагүл Жұмабаева аудандық ұйымның жылдық есебін ұсынды. Ол кәсіподақ қызметінің аудан көлеміндегі негізгі көрсеткіштері мен нәтижелеріне кеңінен тоқталды.

- Біздің басты мақсатымыз – әрбір кәсіподақ мүшесінің құқығын қорғап, әлеуметтік қолдауды нақты істер арқылы көрсету», – деді Жұмагүл Жұмабаева.

📑Бүгінде аудандық кәсіподақ ұйымы 69 білім беру мекемесін біріктіреді, мүшелер саны – 3848. Өткен жылы құқықтық көмек көрсету жұмыстары күшейіп, нәтижесінде кәсіподақ мүшелеріне 9,9 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылған. Сонымен қатар 275 педагог шипажайларда емделіп, жас мамандарды қолдау мақсатында көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй алуға жеңілдетілген несие рәсімдеу жұмыстары жүргізілген.

📃Жиын барысында еңбек қауіпсіздігі, еңбекші әйелдер комиссиясы және жастармен жұмыс, ақпараттық саясат бағытындағы шаралар да сөз болды. Жас мамандарды қолдау, гендерлік теңдік пен қоғамдық белсенділікті арттыру мәселелері кәсіподақ қызметінің басым бағыттары ретінде аталды.

✨Басқосу соңында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова Мұғалжар ауданының бірқатар үздік педагогтары мен кәсіподақ белсенділеріне марапаттар табыстады.

📃Жылдық есеп беру жиыны кәсіподақ жұмысының ашықтығын көрсетіп, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттерді айқындауға мүмкіндік берді.

МҰҒАЛЖАРДА КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
МҰҒАЛЖАРДА КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности