+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › МОЙЫНҚҰМ АУДАНДЫҚ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ
Новости территориальных организаций 07 января 2026

МОЙЫНҚҰМ АУДАНДЫҚ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

МОЙЫНҚҰМ АУДАНДЫҚ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

МОЙЫНҚҰМ АУДАНДЫҚ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының Мойынқұм аудандық комитетінің кезекті IV Пленумы Қарабөгет елді мекенінде жаңадан салынған мектептің мәжіліс залында өтті. Алқалы жиынға…

МОЙЫНҚҰМ АУДАНДЫҚ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының Мойынқұм аудандық комитетінің кезекті IV Пленумы Қарабөгет елді мекенінде жаңадан салынған мектептің мәжіліс залында өтті. Алқалы жиынға Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков, «Еңбекші» газетінің бас редакторы Марат Құлибаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Мәлік Мұқашев, білім беру ұйымдарының басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес Пленумда аудандық білім бөлімінің басшысы Мәлік Мұқашев пен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Бахтияр Махамедов әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың орындалу барысы туралы есеп берді. Баяндамада келтірілген мәліметтерге сүйенсек, бүгінде аудандағы 24 мектеп, 15 бөбекжай-бақша және 7 қосымша білім беру мекемесінде барлығы 2382 кәсіподақ мүшесі бар, олар 46 бастауыш ұйымға біріккен.

2024 жылы аталған мекемелерде ҚР еңбек заңнамасының орындалуын бақылау бойынша 45 тексеру жүргізіліп, 95 заңбұзушылық анықталған. Кәсіподақ мүшелеріне 825 құқықтық кеңес беріліп, заңсыз ұсталған немесе төленуі тиіс қаражаттың жалпы көлемі 2 759 081 теңгені құраған. Сондай-ақ, сауықтыру кезеңінде 184 кәсіподақ мүшесі сауықтырылып, отбасылық және денсаулық жағдайына байланысты көрсетілген материалдық көмек көлемі 2 340 000 теңге болған.

Негізгі баяндамаларды талқылау барысында жарыссөзге шыққан Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Мақсұт Омаров педагог мәртебесінің қоғамдағы орнына тоқталып, білімді ұрпақ тәрбиелеуде кәсіподақтың рөлі ерекше екенін атап өтті.

- Бүгінгі күні мені алаңдатып отырған мәселе, ол кәсіподаққа қатысты негізсіз пікірлердің айтылып жүргені. Бізде «Кәсіподақтан шығамын. Ол бізге не беріп жатыр? Біздің жарнамыз қайда кетіп жатыр?» деген әріптестер болды. Оған кәсіподақтың Ұжымдық шарт негізінде атқарған жұмысын, одан өз үлесіне тиіп отырған қаражатты тиынына дейін санап бердім. Қателескенін, өзгелердің сөзіне еріп қалғанын түсінді. Сондықтан да, ұжымдық шарт аясында атқарылған нақты жұмыстарды көрсеткенде ғана адамдардың көзқарасы өзгереді. Бұл тұрғыда бастауыш ұйым төрағаларына артылар жауапкершілік зор, – деді ол.

Сонымен қатар жарыссөз барысында О.Жандосов атындағы орта мектептің директоры Гүлжанат Манашева мен №1 орта мектеп директоры Нүркен Пернебаев ұжымдық шарт шеңберінде атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырды.

Пленумды қорытындылаған жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков Мойынқұм аудандық комитетінің өткен жылғы жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады. Сондай-ақ кәсіподақ мүшелерінің бұзылған құқықтарын қорғау бағытында атқарылған істерге, сот арқылы заңды деп танылған қосымша төлемдер мәселесіне тоқталып, бұл әлеуметтік әріптестік актілері – Келісімдер мен Ұжымдық шарттарға деген сенімді арттырғанын атап өтті.

Жиын барысында күн тәртібіне қойылған өзге де мәселелер қаралып, әрқайсысы бойынша тиісті қаулы қабылданды. Пленум соңы үздік кәсіподақ мүшелерін марапаттауға ұласты.

 

Жамбыл облыстық ұйымы.

МОЙЫНҚҰМ АУДАНДЫҚ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ
МОЙЫНҚҰМ АУДАНДЫҚ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ
МОЙЫНҚҰМ АУДАНДЫҚ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности