+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиы…
Новости территориальных организаций 23 июня 2025

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын ✨Шығармашылық академиясында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткен салтанатты жиында білім саласындағы бірқатар мемлекеттік қызметшілер марапатталды. Іс-шараға Ақтөбе облыстық білім басқармасының қызметкерлері, қалалық және…

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын

✨Шығармашылық академиясында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткен салтанатты жиында білім саласындағы бірқатар мемлекеттік қызметшілер марапатталды. Іс-шараға Ақтөбе облыстық білім басқармасының қызметкерлері, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, ардагерлер мен жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.
📚Мерекелік жиынды Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева ашып, мемлекеттік қызметтің қоғам дамуындағы рөліне тоқталып, жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде жастарды мемлекеттік қызметке тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, жаңа іріктеу жүйесі мен заңнамалық өзгерістер жайында да айтып өтті.
– Мемлекеттік қызмет – ел дамуының тірегі. Қазіргі таңда білімді де білікті жастарға осы салада жұмыс істеуге мол мүмкіндік жасалып отыр. Бұл – мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдау мен сенім, – деді басқарма басшысы.
🗞️Салтанатты шарада білім саласының үздік қызметкерлеріне облыс әкімінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен білім басқармасының алғыс хаттары мен гүл шоқтары табысталды.
🧩Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова сала өкілдерін атаулы мерекемен құттықтады.
- Қоғам мен мемлекеттің дамуына, халыққа сапалы қызмет көрсетуге қосып отырған үлестеріңіз орасан. Сіздер өздеріңізге жүктелген зор жауапкершілікті абыроймен атқарып, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді көпір бола білдіңіздер. Сіздерге мықты денсаулық, еңбекте табыс, ел игілігі жолындағы қажырлы қызметтеріңізге толағай жетістіктер тілейміз. Еңбектеріңіз еленіп, әрдайым халықтың алғысына бөлене беріңіздер!, – деді ұйым көшбасшысы.
📃Шарада кәсіподақ ұйымы атынан облыстық білім басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымына, аудандық білім бөлімінің басшыларына алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табыстады.
📝Салтанатты шара барысында сала ардагерлері тілектерін жеткізіп, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мен қадірі жөнінде ой бөлісті.
📑Салтанатты жиын соңында Ақтөбе облыстық білім басқармасының қаржы және экономика бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы Амина Куваш ресми түрде мемлекеттік қызметшінің антын қабылдап, өз қызметіне адал болуға серт берді.
 
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности