+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › МЕКТЕПТІҢ ҒАСЫРЛЫҚ ТОЙЫНДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚҰ…
Новости территориальных организаций 11 мая 2025

МЕКТЕПТІҢ ҒАСЫРЛЫҚ ТОЙЫНДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

МЕКТЕПТІҢ ҒАСЫРЛЫҚ ТОЙЫНДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

МЕКТЕПТІҢ ҒАСЫРЛЫҚ ТОЙЫНДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Ақтөбе облысының Алға ауданына қарасты Тамды ауылында ел тарихымен тамырлас, талай ұрпаққа білім мен тәрбие берген Тамды орта мектебінің 100 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік шараға облыстық…

МЕКТЕПТІҢ ҒАСЫРЛЫҚ ТОЙЫНДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

⚜️Ақтөбе облысының Алға ауданына қарасты Тамды ауылында ел тарихымен тамырлас, талай ұрпаққа білім мен тәрбие берген Тамды орта мектебінің 100 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті.

✅Мерекелік шараға облыстық және аудандық деңгейдегі қонақтар, мектеп түлектері, ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Шара барысында мектеп тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылып, оқушылардың қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды. Мектептің ғасырлық мерейтойы — елдің рухани, мәдени, білім беру саласындағы жарқын оқиғалардың бірі ретінде аталып өтті.

❇️ Атаулы шара аясында облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Айжарық Серімбетов пен Сандуғаш Дүйсенбаева арнайы қатысып, мектеп ұжымын мерейтоймен құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Олар өз сөздерінде Тамды мектебінің ғасырлық тарихы – тек білім шаңырағы ғана емес, ел болашағын тәрбиелеген ардақты ұстаздардың алтын ұясы екенін ерекше тілге тиек етті. Ұстаздардың табанды еңбегі мен жас ұрпаққа қосқан үлесі – кез келген марапатқа лайық екені айтылды. Сөз соңында облыстық кәсіподақ ұйымы атынан мектеп ұжымына 500 мың теңге көлеміндегі сертификат пен бірқатар ұстаздарға Құрмет грамоталары табысталды.

🔆Сонымен қатар, Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Рита Еркусимова құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ұжымына қаржылай сертификатты, шипажайға және тарихи-танымдық саяхатқа арналған жолдама табыстады. Бұл тартулар ұстаздар қауымына жасалып отырған жанашырлық пен қамқорлықтың жарқын көрінісі болды.

📝Мектептің дамуына үлес қосқан ардагер ұстаздар да назардан тыс қалмады. Олар кәсіподақ ұйымы тарапынан сый-құрметке бөленіп, мерейтойда құрмет төрінен орын алды. Ардагер ұстаздарға естелік сыйлықтар табысталды.

❇️Тамды орта мектебінің 100 жылдығы – ауыл өміріндегі үлкен тарихи оқиға ғана емес, сонымен қатар жас ұрпаққа тағылым беретін, ұстаздық еңбектің маңызын айшықтайтын маңызды мереке ретінде есте қалды.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности