+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ АБЫРОЙЛЫ ЖОЛЫ
Новости территориальных организаций 11 декабря 2025

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ АБЫРОЙЛЫ ЖОЛЫ

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ АБЫРОЙЛЫ ЖОЛЫ

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ АБЫРОЙЛЫ ЖОЛЫ Білім беру жүйесінің дамуы кәсібіне адал, ой-өрісі кең, басқарушылық мәдениеті жоғары тұлғалардың еңбегіне негізделеді. Осындай абыройлы көштің алдыңғы легінде келе жатқан жан – Басмағанбетова Рита Құрманғалиқызы. Ол өзінің білімі мен тәжірибесін…

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ АБЫРОЙЛЫ ЖОЛЫ

📚Білім беру жүйесінің дамуы кәсібіне адал, ой-өрісі кең, басқарушылық мәдениеті жоғары тұлғалардың еңбегіне негізделеді. Осындай абыройлы көштің алдыңғы легінде келе жатқан жан – Басмағанбетова Рита Құрманғалиқызы. Ол өзінің білімі мен тәжірибесін ұрпақ тәрбиесіне, мектеп дамуына арнап, педагогика саласында өзіндік қолтаңба қалдырған беделді басшы.

🖇️Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында дүниеге келген Рита Басмағанбетова 1988 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын үздік бітіріп, бар ғұмырын ұстаздық жолға арнады. 40 жылға жуық еңбек жолында мұғалім, әдіскер, директордың орынбасары, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі, мектеп директоры, Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. 2016 жылдан бері №8 жалпы орта білім беретін мектептің директоры ретінде оқу орнының дамуына жаңа серпін беріп, білім сапасын көтеруге бағытталған жүйелі жұмысты жолға қойып келеді.

🗞️Ізденімпаздығы мен жаңашылдығын дәлелдейтін марапаттары да аз емес: екі мәрте облыстық «Үздік мұғалім» атанды, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Ұлттық білім академиясының, облыс және аудан әкімдерінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды. 2021 жылы «Жыл адамы» атанып, 2025 жылы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

📋Басмағанбетова Рита Құрманғалиқызы – стратегиялық ойлайтын, ұжымды бір мақсатқа жұмылдыра алатын көреген басшы. Ол педагогтардың кәсіби өсуіне мүмкіндік жасап, мектептің даму бағытын жүйелі ұйымдастырып келеді. Әділдік пен талапшылдықты үйлестіре білетін басшы ретінде ұжымға да, ата-аналарға да, оқушыларға да сенім ұялатады.

🏫2025 жыл – мектеп үшін ерекше белес болды. Рита Құрманғалиқызының жетекшілігімен оқу орны «Орта білім беретін үздік ұйым – 2025» атағын иеленіп, республикалық деңгейде үздік мектептердің қатарынан көрінді. Бұл жетістікпен бірге 12 миллион теңге көлеміндегі сыйақы да мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік берді. «Үздік мектеп – 2025» атағы – ұжымның кәсібилігі мен басқарудағы жүйеліліктің нақты көрінісі.

📑Рита Құрманғалиқызы – тәжірибелі ұстаз, шебер ұйымдастырушы, парасатты басшы. Ол үшін ең маңызды бағыт – сапалы білім, бәсекеге қабілетті шәкірт және кәсіби тұрғыда дамитын ұстаздар қауымы. Сондықтан да ол ұжым арасында үлкен құрметке ие. Осындай тұлға басқарған ұжымның да абыройы асқақ, болашағы нұрлы болмақ.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности