+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК ЖОЛЫ
Новости территориальных организаций 17 ноября 2025

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК ЖОЛЫ

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК ЖОЛЫ

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК ЖОЛЫ Мектеп басшысы – білім ордасының бағыт-бағдарын айқындайтын, ұжымды бір мақсатқа топтастырып, жаңа жетістіктерге жетелейтін тұлға. Осындай жауапкершілігі зор қызметті абыроймен атқарып жүрген жан – Баймурзина Нәзігүл Қадыржанқызы. Нәзігүл…

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК ЖОЛЫ

▪️ Мектеп басшысы – білім ордасының бағыт-бағдарын айқындайтын, ұжымды бір мақсатқа топтастырып, жаңа жетістіктерге жетелейтін тұлға. Осындай жауапкершілігі зор қызметті абыроймен атқарып жүрген жан – Баймурзина Нәзігүл Қадыржанқызы. Нәзігүл Баймурзина 1993 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын география мен биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Қарабұтақ ауданы Ақтасты орта мектепте мұғалім және оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасар ретінде бастаған.

📚2021 жылдан бастап Хромтау ауданындағы Тасөткел орта мектебінің директоры қызметін атқарып келе жатқан Нәзігүл Баймурзина – жаңашыл, жауапкершілігі жоғары, педагогикалық тәжірибесі мол басшы. Мектепте жаңа технологияларды тиімді пайдаланып, білім беру процесінің нәтижелілігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Оның басшылығымен мектептің материалдық-техникалық базасы нығайып, ауласына «Су бұрқақ», «Құрмет тақтасы», «Даналық мектебі» бұрышы орнатылды, «Білім бағы» саябағы ашылды, оқу кабинеттері интерактивті тақталар мен робототехника құралдарымен жабдықталды.

✳️Нәзігүл Баймурзина ұжым мүшелерінің кәсіби дамуына ерекше көңіл бөледі. Ол «Үздіксіз даму» жобасының жетекшісі, сондай-ақ «Бірлесіп оқыту» жобасын іске асыруда мектептің тәжірибесін аудан көлемінде таратады.

🗞️Оның еңбегі бірнеше мәрте марапатталған: облыстық және республикалық деңгейдегі алғыс хаттар мен құрмет грамоталары, пәндік олимпиадалар мен байқаулардағы дипломдар, 2025 жылы Хромтау ауданының 90 жылдығы төсбелгісі. Бұл марапаттар Нәзігүл Баймурзинаның білім беру саласындағы адал еңбегі мен педагогикалық шеберлігін дәлелдейді.

📂Нәзігүл Баймурзина ұжым мүшелерінің еңбегін бағалап, мерекелерде марапаттау жүйесін тұрақты түрде жүргізеді. Мектептегі іс-шаралар мен жетістіктер «Мектеп тынысы» журналында жарияланып, мектептің дамуына үлес қосып келеді. Оның басшылығымен мектеп педагогикалық тәжірибе алмасуда, оқушылардың шығармашылық және ғылыми қабілеттері дамып, ұжым бірлік пен ұйымшылдық үлгісін көрсетеді.

📃Баймурзина Нәзігүл Қадыржанқызының біліктілігі мен жауапкершілігі – мектептің жетістігі мен ұйымшыл ұжымның тірегінің басты кепілі.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности