+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › МӘРТӨКТЕГІ МАТЕМАТИКТЕР ДОДАСЫ
Новости территориальных организаций 08 апреля 2026

МӘРТӨКТЕГІ МАТЕМАТИКТЕР ДОДАСЫ

МӘРТӨКТЕГІ МАТЕМАТИКТЕР ДОДАСЫ

МӘРТӨКТЕГІ МАТЕМАТИКТЕР ДОДАСЫ Ақтөбеде Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Аталған білім додасына ауданның әр мектебінен келген 25…

МӘРТӨКТЕГІ МАТЕМАТИКТЕР ДОДАСЫ

Ақтөбеде Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

🔰Аталған білім додасына ауданның әр мектебінен келген 25 команда, жалпы саны 100 бастауыш сынып мұғалімі қатысып, өзара білім мен біліктілік сынға түсті. Қатысушылар математика пәні бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

🧩Олимпиада екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші айналымда командалар төрт турдан тұратын күрделі есептерді шешсе, екінші айналымда қатысушылар жекелей есептер арқылы өз білімдерін дәлелдеді. Әр кезең мұғалімдердің логикалық ойлау қабілеті мен жылдамдығын, сондай-ақ пәндік білімінің тереңдігін айқындады.

📃Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені №2 Мәртөк мектеп-гимназиясының «Логика майталмандары» тобы жеңіп алды. Бірінші орын №3 Мәртөк орта мектебінің «Абсолют» тобына бұйырды. Екінші орынды Құмсай бастауыш мектебі мен Шевченко негізгі мектебінің «Зерде» құрама тобы иеленсе, үшінші орынды Саржансай орта мектебінің «Алау» тобы қанжығасына байлады.

▪️Жекелей есеп нәтижесінде ерекше көзге түскен бірқатар педагогтар облыстық кезеңге жолдама алды. Атап айтқанда, Шевченко негізгі мектебінің мұғалімі Қаламқас Жалмағамбетова, Саржансай орта мектебінің мұғалімі Айгүл Ідірісова, Қазан негізгі мектебінің мұғалімі Юлия Полегонько және Жайсаң орта мектебінің мұғалімі Гүлмира Омарова келесі кезеңде бақ сынайтын болады.

☑️Барлық қатысушы командалар Алғыс хаттармен марапатталды. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы атынан ақшалай сертификаттар табысталды.

МӘРТӨКТЕГІ МАТЕМАТИКТЕР ДОДАСЫ
МӘРТӨКТЕГІ МАТЕМАТИКТЕР ДОДАСЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности