+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › МАҢҒЫСТАУДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИ…
Новости территориальных организаций 21 апреля 2026

МАҢҒЫСТАУДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

МАҢҒЫСТАУДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

МАҢҒЫСТАУДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ 22 сәуір күні білім басқармасының және әлеуметтік әріптестік аясындағы іс-шараларға орай, Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Ақтау қаласындағы №18 мектепте «КІТАПХАНА ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ТӘЖІРИБЕ, ТРЕНД…

МАҢҒЫСТАУДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

▪ 22 сәуір күні білім басқармасының және әлеуметтік әріптестік аясындағы іс-шараларға орай, Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Ақтау қаласындағы №18 мектепте «КІТАПХАНА ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ТӘЖІРИБЕ, ТРЕНД, ТӘСІЛ» тақырыбында облыстық семинар өтті.

▪ Семинарға облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Клара Құлатаева, қалалық және аудандық әдістемелік орталықтардың әдіскерлері, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің кітапханашылары қатысты.

▪ Семинардың мақсаты – Ұлттық кітап күнін насихаттау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, олардың ой-өрісін кеңейту және рухани байлығын дамыту.

▪ Семинардың ашылу салтанатында Маңғыстау облысы білім басқармасының бөлім басшысы Клара Құлатаева және Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымының атынан Аманиязова Асылтас Базарбаевна қатысушыларды құттықтады.

▪ – Ұлттық кітап күні – ұлттың рухани әлеуетін нығайтатын, кітап оқу мәдениетін қалыптастыратын және қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды мереке. Кітап – білімнің қайнар көзі ғана емес, ол – ұлттың тарихи жады мен мәдени кодының сақтаушысы. Бұл мереке қоғамда кітапқа деген қызығушылықты арттырып, оқырман мәдениетін дамытуға серпін береді. Маңғыстау облысының білім басқармасы алдағы уақытта да кітап оқу мәдениетін дамыту, білім беру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді. Баршаңызды Ұлттық кітап күнімен тағы да құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер және толағай табыстар тілеймін, – деді Клара Құлатаева.

▪ Семинар екі бөлімнен – пленарлық және практикалық бөлімдерден тұрды.

▪ Пленарлық бөлімде Мұнайлы ауданының кітапхана ісі жөніндегі әдіскері Маржанай Отырғазиева «ЗАМАНАУИ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ – ДӘСТҮР МЕН ИННОВАЦИЯНЫҢ ТОҒЫСУЫ» тақырыбында баяндама жасады. Ал Ақтау қаласындағы Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі Мәулен Дүмбаев «БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» жобасын таныстырды.

▪ Практикалық бөлім «ШЕБЕРЛІК. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. ЖАҢАШЫЛДЫҚ» бағыты бойынша өтті. Бұл бөлімде спикерлер «КІТАП ӘЛЕМІНДЕ – КВЕСТ КҮНІ» аясында сұрақ-жауап және интеллектуалдық ойындар ұйымдастырып, «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН КІТАПХАНА: БІЛІМНІҢ ЖАҢА КӨПІРІ» тақырыбында тәжірибе алаңын ұсынды.

▪ Кездесу соңында аудан және қала бойынша оқу-әдістемелік орталықтарының әдіскерлері мен педагогтері білім басқармасы басшысының атынан марапатталып, сондай-ақ облыстық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы тарапынан сертификаттар табысталды.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности