+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › МАҢҒЫСТАУДА ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Новости территориальных организаций 30 марта 2026

МАҢҒЫСТАУДА ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МАҢҒЫСТАУДА ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МАҢҒЫСТАУДА ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Бүгін Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда бірқатар ұйымдастырушылық және әлеуметтік мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары…

МАҢҒЫСТАУДА ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда бірқатар ұйымдастырушылық және әлеуметтік мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Т. Байымбетованың есебі болды. Есеп «Кәсіподақтың XV съезі мен 2024–2029 жылдарға арналған іс-шаралар бағдарламасын іске асыру аясында кәсіподақ органдары қызметінің тиімділігін арттыру шаралары туралы» тақырыбында ұсынылды.

Кеңес барысында бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар жан-жақты сараланып, кәсіподақ қаражатының игерілуі туралы толық ақпарат берілді. Әлеуметтік әріптестік аясындағы өзара іс-қимылдың жүйелі жолға қойылғаны атап өтілді. Сонымен қатар, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, еңбекақыны уақытылы төлеу, еңбек демалысын беру және әлеуметтік қолдау шаралары басты назарда екені айтылды.

Кәсіподақ аудандық, қалалық және бастауыш ұйымдар желісі арқылы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізіп келеді. 2025 жылы 925 қызметкердің шағымы қаралды (2024 жылы – 578). Білім беру ұйымдарында 313 тексеру жүргізіліп, 178 заңбұзушылық анықталды. Оның басым бөлігі еңбекақы төлеу және жұмысқа қабылдаудың формальдылығы мәселелеріне қатысты болды. Нәтижесінде қызметкерлерге қосымша төлемдер мен қайта есептеулер жүргізілді.

Облыста қазіргі таңда 351 ұжымдық шарт күшінде. Кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны – 34 098 адам, оның ішінде 30 029-ы білім беру саласының қызметкерлері, 4 069-ы студенттік кәсіподақ ұйымының мүшелері. Ұжымдық келісімдерде қосымша әлеуметтік кепілдіктер, оның ішінде ақылы демалыстар, отбасылық жағдайларға байланысты қосымша демалыс күндері және ерекше жағдайдағы қызметкерлерге жеңілдіктер қарастырылған.

Білім беру ұйымдарында 351 келісу комиссиясы құрылып, жеке еңбек дауларын шешу бойынша 64 отырыс өткізілді. 2024–2025 жылдардағы мониторинг нәтижесінде Жаңаөзен қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарда еңбекақы төлеуге қатысты бұзушылықтар анықталып, 2025 жылы келісу комиссияларының шешімімен 50 педагогқа 7 047 418 теңге көлемінде төлем жасалды.

Еңбек қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында 356 техникалық инспектор және 1800-ден астам өндірістік кеңес мүшесі жұмыс істейді. 2025 жылы еңбек жағдайларын жақсарту бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.

Кәсіподақ мүшелерін оқыту және біліктілігін арттыру жүйесі де белсенді дамуда. 2025 жылы шамамен 1900 адам түрлі семинарлар мен тренингтерден өтті. Сонымен қатар, цифрлық ресурстар – ресми веб-сайт, әлеуметтік желілер және мобильді қосымша кеңінен қолданылуда.

Кәсіподақ қызметінің экономикалық тиімділігі 2025 жылы 23 760 000 теңгеден асты.

2025 жыл «Еңбек кәсіптері жылы» аясында Астанада өткен «Еңбекке құрмет – болашаққа сенім» ұлттық форумында үздік техникалық еңбек қауіпсіздігі инспекторлары марапатталды. Олардың қатарында Маңғыстау облысынан екі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы бар. Оларға Алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар, Түркияның Анталия қаласында өткен түркітілдес мемлекеттердің V халықаралық ғылыми конгресінде өңір педагогтары мен ғалымдары өз ғылыми жұмыстарын таныстырды. Бұл – өңірдің халықаралық ғылыми интеграциясындағы маңызды қадам.

Айта кету керек, кәсіподақ мүшелерінің басым бөлігін әйелдер құрайды. 34 мың мүшенің 26 мыңнан астамы – әйелдер. Олардың қоғамдағы және отбасыдағы рөлі ерекше атап өтілді.

2026 жылға арналған негізгі міндеттер ретінде:

-әлеуметтік әріптестік келісімдерінің орындалуын бақылау;

-2027–2029 жылдарға арналған жаңа келісім жобаларын әзірлеу;

-кәсіподақ имиджін нығайту;

-еңбек заңнамасының сақталуын күшейту бағыттары айқындалды.

Баяндаманың қорытындысында төраға кәсіподақ бірлігі мен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтіп, ұйым мүшелеріне адалдықтары үшін алғыс білдірді.

Кеңестің екінші бөлімінде өңірдің білім саласының дамуына үлес қосқан әлеуметтік әріптестер мен белсенді кәсіподақ мүшелері Орталық комитеттің марапаттарына ие болды.

 

Маңғыстау облыстық ұйымы

МАҢҒЫСТАУДА ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
МАҢҒЫСТАУДА ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
МАҢҒЫСТАУДА ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
МАҢҒЫСТАУДА ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
МАҢҒЫСТАУДА ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
1 / 5
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности