+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КҮЙ КЕРУЕНІН КЕЛЕШЕККЕ ЖЕТКІЗГЕН ҰСТАЗ
Новости территориальных организаций 12 июня 2026

КҮЙ КЕРУЕНІН КЕЛЕШЕККЕ ЖЕТКІЗГЕН ҰСТАЗ

КҮЙ КЕРУЕНІН КЕЛЕШЕККЕ ЖЕТКІЗГЕН ҰСТАЗ

КҮЙ КЕРУЕНІН КЕЛЕШЕККЕ ЖЕТКІЗГЕН ҰСТАЗ Ұстаз – ұлттың рухани байлығын қалыптастырып, жас ұрпақтың бойына білім мен тәрбиені қатар сіңіретін қасиетті мамандық иесі. Осындай абыройлы қызметті адал атқарып, ұлттық өнерді насихаттап, шәкірт тәрбиесінде толағай табыстарға жетіп…

КҮЙ КЕРУЕНІН КЕЛЕШЕККЕ ЖЕТКІЗГЕН ҰСТАЗ

Ұстаз – ұлттың рухани байлығын қалыптастырып, жас ұрпақтың бойына білім мен тәрбиені қатар сіңіретін қасиетті мамандық иесі. Осындай абыройлы қызметті адал атқарып, ұлттық өнерді насихаттап, шәкірт тәрбиесінде толағай табыстарға жетіп жүрген жандардың бірі – Сарсембаев Ержан Аманкелдіұлы.

Еңбек жолын 2009 жылы Арал қаласындағы №71 орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі ретінде бастаған жас маман аз уақыт ішінде өзінің шығармашылық әлеуеті мен кәсіби шеберлігін таныта білді. Сол жылдары аудандық және облыстық деңгейдегі өнер байқауларының жеңімпазы атанып, ұлттық өнерді дәріптеу жолында белсенді еңбек етті. 2009 жылдан бері аудандық «Қазанғап» ұлт-аспаптар оркестрінің мүшесі ретінде қазақтың күй өнерін насихаттауға үлес қосып келеді.

Ержан Аманкелдіұлының ең үлкен жетістігі – оның шәкірттері. Ұстаз тәрбиелеген жас өнерпаздар аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда үздік нәтиже көрсетіп келеді. Ән мен күй жанрлары бойынша көптеген өнер додаларында жеңімпаз атанған шәкірттері ұстаз еңбегінің жемісі екені сөзсіз.

2024 жылы оның бастамасымен құрылған «Жас талант» домбырашылар ансамблі халықаралық «Бозторғай» байқауында жүлделі орындарға ие болып, аудан мерейін үстем етті. Сонымен қатар шәкірттері «Бала дарын», «Жас дарын», «Қорқыттан қалған қоңыр үн», «Күй құдіреті», «Махамбет оқулары» және басқа да беделді байқауларда Бас жүлде мен жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Ұстаздың кәсіби еңбегі де жоғары бағаланған. Ол аудандық және облыстық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы атанып, 2025 жылы «ПЕДСТАРТ» республикалық кәсіби мұғалімдер байқауында «Үздік музыка пәні мұғалімі» номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ «Үздік маман», «Үздік жетекші» аталымдарына ие болып, тәжірибесі түрлі ғылыми-әдістемелік басылымдарда жарияланды.

Көп жылғы жемісті еңбегі үшін Қызылорда облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. Бүгінде педагог-сарапшы санатындағы тәжірибелі ұстаз ретінде жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп келеді.

Өнерді өмірінің өзегіне айналдырып, шәкірт жүрегіне ұлттық құндылықтарды дарытып жүрген Ержан Аманкелдіұлы – еңбегімен ел құрметіне бөленген нағыз еңбек адамы. Оның өнегелі жолы мен тынымсыз еңбегі жас педагогтерге үлгі болып, ұрпақ тәрбиесі жолындағы игі істері әлі де жалғасын таба бермек.

 

Қызылорда облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности