+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӨПШІЛІККЕ ҮЛГІ ПЕДГОГ
Новости территориальных организаций 09 июля 2026

КӨПШІЛІККЕ ҮЛГІ ПЕДГОГ

КӨПШІЛІККЕ ҮЛГІ ПЕДГОГ

КӨПШІЛІККЕ ҮЛГІ ПЕДГОГ «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай, ұстаздық – үлкен жауапкершілік пен тынымсыз еңбекті талап ететін қасиетті мамандық. Ұстаз – білімнің шамшырағын жағып қана қоймай, шәкірт жүрегіне ізгілік пен адамгершілік дәнін себетін…

КӨПШІЛІККЕ ҮЛГІ ПЕДГОГ

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай, ұстаздық – үлкен жауапкершілік пен тынымсыз еңбекті талап ететін қасиетті мамандық. Ұстаз – білімнің шамшырағын жағып қана қоймай, шәкірт жүрегіне ізгілік пен адамгершілік дәнін себетін тұлға. Қоғамның дамуы мен ел болашағының жарқын болуы ұстаздардың қажырлы еңбегімен тығыз байланысты. Сондықтан саналы ғұмырын білім беру ісіне арнаған әрбір педагогтің еңбегі ерекше құрметке лайық.

Көпшілікке үлгі бола білген, өз ісіне адал әрі жауапкершілігі жоғары ұстаздардың бірі – Альжанова Динара Алтаевна. Ол білім беру саласында ұзақ жылдар бойы табысты еңбек етіп, шәкірттерінің сапалы білім алуына, рухани тұрғыдан қалыптасуына зор үлес қосып келеді. Әріптестері арасында білікті маман, тәжірибелі педагог ретінде танылған ұстаздың басты ұстанымы – білім мен тәрбиені қатар беру.

Альжанова Динара Алтаевна 1982 жылы 24 мамырда Көкшетау облысы Ленин ауданы Тұғыржап ауылында дүниеге келген. 1999 жылы №2 Кішкенекөл орта мектебін тәмамдап, Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжіне қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түседі. Кейін 2003–2006 жылдары Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде білімін жалғастырып, кәсіби білімін тереңдетеді.

Еңбек жолын Тұғыржап негізгі мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған ұстаз өз қызметінде жоғары кәсібилік пен шығармашылық ізденісті ұштастыра білді. 2013 жылы Кеңащы орта мектебінде оқу ісі жөніндегі меңгеруші қызметін атқарып, ал 2014–2021 жылдары осы мектептің директоры лауазымында жемісті еңбек етті.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін №2 Ленинград орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқарып келеді. Жалпы еңбек өтілі – 26 жыл. Осы уақыт ішінде ол білім беру ісінде мол тәжірибе жинақтап, көптеген шәкірттердің өмір жолына бағыт-бағдар берген ұстаз ретінде танылды.

Ұстаздық қызметпен қатар, бес баланы тәрбиелеп отырған аяулы ана ретінде де көпшілікке өнеге болып келеді.

Шәкірттерінің жетістігі арқылы ұстаз еңбегінің жемісін көріп отырған Динара Алтаевна жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруді басты мұрат етіп келеді. Осындай ұлағатты ұстаздардың еңбегі ел болашағының жарқын болуына қызмет ете беретіні сөзсіз.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности