+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ МЕН КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ
Новости территориальных организаций 14 декабря 2025

КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ МЕН КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ

КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ МЕН КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ

КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ МЕН КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданыңда орналасқан білім ордасы – «Үлкен Нарын колледжі» КММ-де ШҚО жергілікті кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты - кәсіподақ активі мен колледж ұжымы арасындағы…

КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ МЕН КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ

Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданыңда орналасқан білім ордасы – «Үлкен Нарын колледжі» КММ-де ШҚО жергілікті кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты - кәсіподақ активі мен колледж ұжымы арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайту және әлеуметтік әріптестікті дамыту.

Кездесуді Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ төрағасы Назгуль Касенова жылы лебізбен ашты. Өз сөзінде кәсіподақ ұйымдарының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына тоқталып, ұжым мүшелерінің құқықтарын қорғау, әлеуметтік жағдайларын жақсарту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Кәсіподақ өкілдері өз баяндамаларында Шығыс Қазақстан облысы жергілікті кәсіподағының қызметі мен екіжақты келісім аясындағы міндеттемелердің орындалуы туралы жан-жақты мәлімет берді.

Үлкен Нарын колледжінің директоры, Айбек Байгунусов өз сөзінде колледж әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы арасындағы тығыз байланыстың оң нәтижелерін атап өтті. Ол екі тараптың да ынтымақтастығы арқылы қызметкерлердің әл-ауқатын арттыруға, оқу орнының дамуына және ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік туатынын жеткізді.

2025 жыл киелі шаңырақ, колледждің 90 жылдық мерейтой жылы! Осы айтулы мерекеге орай Назгүл Қасенова құттықтау лебізін білдіріп, ұжымға 100 мың теңге көлеміндегі сертификатты сыйға тартты. Ол колледж ұжымына шығармашылық шабыт, толағай табыстар және кәсіби шыңдарды бағындыруды тіледі.

Кездесу барысында қызметкерлерінің көкейінде жүрген сауалдары талқыланып, оларға тиісті жауаптар берілді. Атап айтқанда, еңбек заңнамасының сақталуы, әлеуметтік қолдау көрсету шаралары сынды мәселелер көтерілді. Кәсіподақ өкілдері әрбір сұраққа мұқият жауап беріп, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған нақты қадамдар жасалатынын айтты.

Кездесу соңында Назгүл Қасенова барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғысын білдіріп, кәсіподақ ұйымының әрбір мүшесінің пікірі маңызды екенін еске салды. Ол ұжымдық жұмыстың арқасында ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын атап өтіп, алдағы уақытта да кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің мүддесін қорғау жолында аянбай еңбек ететінін жеткізді.

#ШҚОбілімкәсіподағы

КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ МЕН КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ
КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ МЕН КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности