+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӨКСУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
Новости территориальных организаций 13 ноября 2025

КӨКСУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

КӨКСУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

КӨКСУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Көксу аудандық филиалында маңызды семинар өтті. Шараға білім беру мекемелерінен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының…

КӨКСУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Көксу аудандық филиалында маңызды семинар өтті. Шараға білім беру мекемелерінен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

Семинарды филиал төрағасы Дина Нүсіпова ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырды. Ол өзінің баяндамасында кәсіподақ жұмысының өзектілігіне тоқталып, бастауыш ұйымдардың қызметін күшейту, құжаттарды дұрыс жүргізу және есептілікті дер кезінде тапсырудың маңызын атап өтті.

Жиын барысында кәсіподақ ұйымдары атқаратын негізгі бағыттар мен міндеттер жан-жақты түсіндірілді. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында құжаттардың жүргізілу тәртібі, жылдық және тоқсандық есептердің дайындалуы, сметалық жоспар құру қағидалары, қаржылық есептерді рәсімдеу, құжаттарды реттеу, бақылау тетіктері, кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдау түрлері туралы ақпараттар берілді.

​ Семинар практикалық талқылау форматында өтіп, Көксу аудандық филиалдың есепшісі Татьяна Ногтева кәсіподақ жарнасының түсуі және оның жұмсалуы жайында жан-жақты ақпарат беріп, қаржының жұмсалғаннан кейінгі құжаттарының жинақталуы жайлы түсіндірді.

Шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, нақты жауаптар алды. Әсіресе есептілікті дұрыс толтыру, жаңа форматтағы құжат айналымы және кәсіподақ мүшелерімен жұмыс жүргізу мәселелері ерекше қызығушылық тудырды.

Жиын соңында қатысушылар семинардың пайдалы болғанын атап өтіп, осындай тәжірибелік-танымдық кездесулердің жұмысты тиімді ұйымдастыруға зор септігін тигізетінін жеткізді.

Көксу аудандық кәсіподақ филиалы алдағы уақытта да бастауыш ұйым төрағаларының кәсіби құзыретін арттыруға бағытталған семинарлар мен оқыту шараларын жалғастыра беретіні туралы мәлімдеді.

 

Жетісу облысы, Көксу аудандық кәсіподақ филиалы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности