+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ РУХАНИ ШАРА
Новости территориальных организаций 27 октября 2025

КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ РУХАНИ ШАРА

КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ РУХАНИ ШАРА

КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ РУХАНИ ШАРА Түркістан облысының білім басқармасының Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты №55 жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында кітапханашылар күніне орай рухани мазмұнға толы «Кітапхана – білімнің шамшырағы» атты мерекелік кеш өтті…

КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ РУХАНИ ШАРА

Түркістан облысының білім басқармасының Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты №55 жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында кітапханашылар күніне орай рухани мазмұнға толы «Кітапхана – білімнің шамшырағы» атты мерекелік кеш өтті.

Мақсаты – кітап пен кітапхананың қоғамдағы орнын дәріптеу, кітапханашылардың еңбегін ұлықтау, рухани құндылықтарды насихаттау және жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

Іс-шараға мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Ақмарал Жайлаубаева, Сайрам аудандық білім бөлімінің бас маманы Фарида Оспанова, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымына мүше «Шапағат–педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайымы Гүлнара Тілеубердиева, ардагер және жас кітапханашылар, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Шара барысында Сайрам аудандық білім бөлімінің бас маманы Фарида Оспанова және кәсіподақ төрайымы Гульнара Тлеубердиева кітапханашыларды мерекемен құттықтап, аудандық білім бөлімі басшысының алғыс хаттарымен марапаттады және кәсіподақ атынан мерекелік сыйлықтар табыстады.

Шара барысында 30 кітапханашы құрметке ие болды. Атап айтқанда, ұзақ жылдар бойы кітапхана саласында еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлікке жеткен №83 А.Байтұрсынов атындағы мектептің кітапханашысы Тоғусова Айсұлу Бөрібекқызына арнайы Құттықтау адресаты табысталды.

Ардагер кітапханашылар жүрекжарды естеліктерімен бөлісіп, жас мамандарға ақжол тілектерін айтты.

Кеш барысында көрермендер «Кітапхана әні», «Кітаптар шеруі» атты сахналық көріністерді, «Кітап» монологін, би және хор өнерін тамашалап, ерекше әсерге бөленді.

Сонымен қатар, «Кітапханалар туралы 9 қызықты дерек» слайдтық таныстырылымы мен «Кітап оқудың 8 пайдасы» атты бейнеролик қатысушылардың қызығушылығын арттырды.

Кеш соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Жадыра Рахметова және мектеп әкімшілігі кітапханашыларды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Барлығы естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл күйде тарқасты.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности