+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КІТАП ПЕН ОҚУШЫ АРАСЫНДАҒЫ КӨПІР
Новости территориальных организаций 16 апреля 2026

КІТАП ПЕН ОҚУШЫ АРАСЫНДАҒЫ КӨПІР

КІТАП ПЕН ОҚУШЫ АРАСЫНДАҒЫ КӨПІР

КІТАП ПЕН ОҚУШЫ АРАСЫНДАҒЫ КӨПІР Мектептегі үзіліс басталысымен мектеп кітапханасының іші бірден жанданып кетеді. Бір оқушы кітап өткізуге асықса, енді бірі жаңа кітап іздеп жатады. Осындай қарбалас сәтте әр оқушыға бағыт беріп, дұрыс таңдау жасауға көмектесіп жүрген жан –…

КІТАП ПЕН ОҚУШЫ АРАСЫНДАҒЫ КӨПІР

✅Мектептегі үзіліс басталысымен мектеп кітапханасының іші бірден жанданып кетеді. Бір оқушы кітап өткізуге асықса, енді бірі жаңа кітап іздеп жатады. Осындай қарбалас сәтте әр оқушыға бағыт беріп, дұрыс таңдау жасауға көмектесіп жүрген жан – кітапхана меңгерушісі Ауғанбаева Бақыт Досанқызы.

▪️Бақыт Досанқызы үшін кітапхана жай ғана кітап сақтайтын орын емес. Бұл оқушының ой-өрісі кеңейетін, қызығушылығы қалыптасатын ерекше орта. Сондықтан кітапханашы әр баланың кітапқа деген қызығушылығын оятуға ерекше мән береді. Бұл салаға ол үлкен тәжірибемен келген. Ұзақ жылдар бойы Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қызмет атқарып, оқырманмен жұмыс істеудің қыр-сырын жетік меңгерді. Сол тәжірибесін бүгінде мектеп кітапханасында тиімді пайдаланып келеді. Кітап таңдауда бағыт беру оның күнделікті жұмысының маңызды бөлігі. Әр оқушының талғамын ескеріп, соған сай кітап ұсыну арқылы ол балалардың оқуға деген ынтасын арттырып келеді. Соның нәтижесінде кітапханаға келушілер саны да көбейіп, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік туып отыр.

🔸Тараз қаласындағы №69 орта мектепке келген уақыттан бастап-ақ ол өз ісіне жаңаша серпін әкелді. Кітапхананың жұмысы тек кітап берумен шектелмей, түрлі іс-шаралармен толықты. «Оқуға құштар мектеп», «Балалар кітапханасы» жобалары аясында әдеби кештер, кездесулер, көрмелер ұйымдастырылып, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы арта түсті. Кейде ең үлкен еңбек көзге көріне бермейді. Бақыт Досанқызының жұмысы да дәл сондай. Ол дабырсыз жүріп, оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастырып келеді. Олар үнсіз қызмет ете отырып, болашақ ұрпақтың рухани дамуына жол ашады.

Жамбыл облыстық ұйымы.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности