+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ХРОМТАУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
Новости территориальных организаций 29 января 2026

ХРОМТАУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ

ХРОМТАУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ

ХРОМТАУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ Кәсіподақ ұйымының жылдық есеп беру жиыны Хромтау ауданында жалғасын тапты. Маңызды басқосуға 100-ге жуық кәсіподақ мүшелері қатысты. Жиында алдымен Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова сөз…

ХРОМТАУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ

📜Кәсіподақ ұйымының жылдық есеп беру жиыны Хромтау ауданында жалғасын тапты. Маңызды басқосуға 100-ге жуық кәсіподақ мүшелері қатысты.

🔹Жиында алдымен Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова сөз сөйлеп, облыстық кәсіподақ ұйымының 2025 жылы атқарған жұмыстарына тоқталды. Облыстық ұйым көшбасшысы кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары – әлеуметтік әріптестікті нығайту, педагогтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау, құқықтық көмек көрсету жұмыстарын күшейту екенін атап өтті. Сонымен қатар облыстық кәсіподақ ұйымына түскен мүшелік жарналардың жұмсалуы жөнінде есеп беріліп, қаржының басым бөлігі әлеуметтік қолдау мен сауықтыру шараларына бағытталғаны айтылды.

🔲Өз кезегінде Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Гүлжан Ақанова аудандық ұйымның жылдық есебін ұсынды.

📃Бүгінде Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының құрамында 46 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Онда 2386 кәсіподақ мүшесі тіркелген. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 55 адамға артқан. Кәсіподақ мүшелерінің 1351-і педагог болса, оның 546-сы ауылдық жерлерде еңбек етеді. Әйелдер саны – 2044, зейнеткерлер – 186, 35 жасқа дейінгі жастар – 625.

🧩Ауданның барлық білім беру мекемелерінде ұжымдық шарттар заң талаптарына сәйкес бекітіліп, 2024–2026 жылдарға арналған облыстық Келісім негізінде жаңа ұжымдық шарттар жасалған. Әлеуметтік әріптестік аясында аудандық білім бөлімімен бірлескен жұмыстар нәтижесінде бірқатар өзекті мәселелер оң шешімін табуда.

📑Кәсіподақ жұмысының маңызды бағыттарының бірі – қоғамдық бақылау. Жоспарға сәйкес білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына, еңбек шарттарының дұрыс жасалуына, қызметкерлердің құқықтарының қорғалуына мониторинг жүргізілді. Биыл 10 білім беру мекемесінде қоғамдық бақылау ұйымдастырылып, еңбек заңдылықтарын бұзуға жол берген мекеме басшыларына ескерту жасалды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

🖇️Сонымен қатар кәсіподақ ұйымы құқықтық кеңес беру бағытында да белсенді жұмыс атқаруда. Кәсіподақ мүшелерінен түскен өтініш-шағымдар аудандық білім бөлімімен және облыстық кәсіподақтың заңгер мамандарымен бірлесе қаралып, заң аясында шешімін тауып келеді. Одан бөлек, оқу жүктемесі мен сабақ кестесі мектеп кәсіподақ комитетінің пікірі ескеріле отырып бекітіледі. Жалақының уақытылы төленуі, еңбек демалысы, өтемақылар мәселелері бойынша заң бұзушылықтар тіркелмеген.

✒️Әлеуметтік қолдау шаралары да назардан тыс қалған жоқ. 2025 жылы денсаулық жағдайына және отбасылық жағдайына байланысты 178 кәсіподақ мүшесіне қайырымдылық көмек көрсетілді. 310 кәсіподақ мүшесі түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болса, «Жұмысшылар жылы» аясында 100-ден астам кіші қызметкер марапатталды. Кәсіподақ мүшелерінің демалысын ұйымдастыруға да ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын 200-ден астам кәсіподақ мүшесі еліміздегі түрлі шипажайларда емделіп, тынығады. Сонымен қатар жас мамандар мен белсенді педагогтар үшін түрлі тарихи-танымдық саяхаттар, спорттық жарыстар, кәсіби байқаулар ұйымдастырылып келеді. Осының барлығы кәсіподақ ұйымының тек құқықтық қорғаумен ғана шектелмей, білім қызметкерлерінің денсаулығын нығайтуға, кәсіби ынтасын арттыруға және ұжымдағы бірлікті күшейтуге бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетеді.

💫Бүгінгі басқосу соңында Хромтау ауданының бірқатар үздік педагогтары мен кәсіподақ белсенділеріне Алматы қаласына тарихи-танымдық саяхатқа сертификаттар табысталды.

☑️Одан кейін бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кәсіподақ мүшелері мен келісу комиссиясының мүшелері үшін «Еңбек даулары: туындау себептері және оларды келісу комиссиясында шешу тәртібі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

🔸Семинар барысында облыстық ұйым өкілдері еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістерге кеңінен тоқталып, білім беру саласындағы еңбек қатынастарына тән өзекті мәселелерді талқылады. Педагог қызметкерлердің құқықтық қорғалуы, еңбек дауларын алдын алу және оларды тиімді реттеу тетіктері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, еңбек дауы туындаған жағдайда келісу комиссиясының рөлін күшейту, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісімдердің заң талаптарына сай орындалуын қамтамасыз ету жолдары бойынша құқықтық кеңестер берілді.

📎Айта кетейік, аталған семинар алдағы күндері Ырғыз, Шалқар және Мәртөк аудандарында жалғасын табады.

ХРОМТАУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
ХРОМТАУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
ХРОМТАУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности