+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Новости территориальных организаций 05 ноября 2025

КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР Жамбыл облысында «Кәсіподақтың Жуалы аудандық филиалының келісу комиссиясының жұмыс тәжірибесі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Жергілікті кәсіподақтың Жуалы аудандық комитеті ұйымдастырған іс-шараның негізгі мақсаты – келісу…

КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

Жамбыл облысында «Кәсіподақтың Жуалы аудандық филиалының келісу комиссиясының жұмыс тәжірибесі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Жергілікті кәсіподақтың Жуалы аудандық комитеті ұйымдастырған іс-шараның негізгі мақсаты – келісу комиссияларының қызметін жетілдіру, еңбек дауларының алдын алу, құжаттаманы рәсімдеу тәртібі мен тиімді шешім қабылдау тәжірибесін арттыру болды.

Семинарға Жергілікті кәсіподақтың Тараз қалалық және аудандық филиал төрағалары, құқықтық инспекторлар, аппарат қызметкерлері мен Жуалы аудандық Келісу комиссиясының мүшелері, білім беру мекемелерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері қатысты.

Семинар қатысушыларын Кәсіподақтың Жуалы аудандық комитетінің төрағасы Мәжит Айжанов құттықтап, еңбек дауларын бейбіт жолмен шешудегі келісу комиссияларының маңызына тоқталды.

Ал аудандық құқықтық инспектор Гүлжан Орымбаева келісу комиссияларының жұмыс процесіндегі өзекті мәселелер мен құжаттарын рәсімдеу талаптары бойынша баяндама жасады. Мұнан соң Жуалы ауданының білім бөлімінің келісу комиссиясының мүшелері - білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ерназар Жүзбаев, М.Жұмабаев атындағы №29 орта мектептің мұғалімі Ақмарал Оразалиева, Көктөбе орта мектебінің мұғалімі Несібелі Исламова өз тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, еңбек дауларын сотқа дейін шешудің маңыздылығын жеткізді.

Топтық жұмыстарда қатысушыларға «миға шабуыл» әдісі арқылы еңбек дауларына қатысты жағдаяттар ұсынылған болса, тәжірибелі заңгерлер мен кәсіподақ жетекшілері қатысушыларға еңбек дауларын шешудің әдістерін, келіссөз жүргізудің тиімді тәсілдерін үйретті. Әсіресе, еңбек заңнамасындағы өзгерістер мен олардың келісу комиссияларының жұмысына әсері туралы сұрақтар қызу талқыланды.

Семинар барысында іс-шара өтіп жатқан Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназияның педагог-психологы Мира Ускенбаева қатысушыларға арналған психологиялық сергіту сәті мен тренинг өткізді.

Жиынды қорытындылаған Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков семинардың мазмұнды өткенін атап өтіп, қатысушылардың белсенділігін де жоғары бағалады.

- Еңбек дауларын шешу бойынша кәсіподақ мүшелерінің сапалы білім алуы өте маңызды. Бүгінгі семинардан әрбір қатысушы қажетті тәжірибе жинақтап, пайдалы ақпаратпен қаруланды деп білемін. Еңбек дауы кез-келген ұйымда кез-келген уақытта орын алуы мүмкін. Сол үшін біз оған дайын болу керекпіз. Ал еңбек дауын болдырмау үшін әлеуметтік әріптестермен бірлескен іс-шараларды күшейтіп, осындай оқуларды тұрақты ұйымдастыру қажет, - деді Ерұлан Сәбенұлы.

Іс-шара соңында сұрақ-жауап сағаты өтіп, кері байланыс алу мақсатында сауалнама жүргізілді.

 

Жамбыл облыстық ұйымы

КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности