+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Новости территориальных организаций 04 июня 2025

КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен «Еңбек даулары және оларды шешудегі Келісу комиссияларының рөлі» тақырыбында семинар өтті. Кәсіподақтық оқыту семинарына…

КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен «Еңбек даулары және оларды шешудегі Келісу комиссияларының рөлі» тақырыбында семинар өтті.

Кәсіподақтық оқыту семинарына М.Х.Дулати атындағы Тараз Университеті мен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Университетінің, сонымен бірге облыстық кәсіподақ ұйымының мүшелігін толықтырған Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының комитет мүшелері, сондай-ақ Салалық кәсіподақтың бас мамандары Айдарбек Бектабанов пен Есбол Мұханбетқалиев қатысты.

Семинарды ашқан Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков Еңбек кодексінде жеке еңбек дауын шешу үшін алдымен Келісу комиссиясына барып, одан кейін ғана сотқа жүгіну тәртібі көзделгенін, сонымен бірге, кодекстің 159-бабының 8-тармағына сәйкес Келісу комиссиясының мүшелері еңбек заңнамасын қолдану, еңбек дауларында келіссөздер жүргізу және консенсусқа қол жеткізу дағдыларын дамыту бойынша жыл сайын оқытудан өтуге міндетті екенін айтып өтті.

Бұдан соң Жергілікті кәсіподақтың құқықтық қызметтің басшысы Әлия Джолшибекова Келісу комиссиясы қызметінің құқықтық негіздері туралы ақпаратпен бөлісті.

- Жеке еңбек даулары ҚР ЕК 159-бабына сәйкес Келісу комиссиясымен қаралуы тиіс. Жеке еңбек дауын шешу жөніндегі келісу комиссиясы тұрақты қызмет атқаратын орган болып табылады және заңды тұлға мәртебесіндегі әрбір білім және ғылым ұйымдарында құрылып, кәсіподақ комитеті мен ұйым әкімшілігі өкілдерінің бірдей санынан жасақталады. Әрбір тараптан өкілдер саны еңбек ұжымының санына байланысты белгіленеді. Комиссия мүшелерінің нақты саны, оның жұмыс тәртібі, мазмұны мен шешімдер қабылдау тәртібі ұйым басшысы мен кәсіподақ комитетінің арасында жазбаша келісім бойынша белгіленеді, болмаса ұжымдық шартпен анықталады, - деді Әлия Джолшибекова.

Ал Кәсіподақ төрағасының орынбасары Жанболат Орынбеков «Тәртіптік жазалардың түрлері мен мерзімін қолдану барысында кездесетін түйткілді мәселелерді шешу жолдары» тақырыбына тоқталды. Бұдан бөлек семинар барысында Келісу комиссиясының тұрақты қызмет атқаратын орган екені, яғни, ол жеке бір дауды шешу үшін емес, ұйым қызметінде туындауы мүмкін барлық жеке еңбек дауларын шешу үшін құрылатыны және бір дауды шешумен оның қызметі тоқтап қалмайтыны да айтылды.

Семинардың барлық қатысушыларына игерілген тақырып бойынша әдістемелік құралдар және Келісу комиссиясының мүшелеріне оқудан өткендігін растайтын сертификат берілді.

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности