+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӘСІПОДАҚТАР АРАСЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ БАЙЛАНЫС
Новости территориальных организаций 12 марта 2026

КӘСІПОДАҚТАР АРАСЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ БАЙЛАНЫС

КӘСІПОДАҚТАР АРАСЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ БАЙЛАНЫС

КӘСІПОДАҚТАР АРАСЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ БАЙЛАНЫС 12 наурызда Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған XIII облыстық спартакиадасының екінші…

КӘСІПОДАҚТАР АРАСЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ БАЙЛАНЫС

12 наурызда Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған XIII облыстық спартакиадасының екінші кезеңін ұйымдастырды (бірінші кезең - аудандық, қалалық жарыстардың ¼ финалының іріктеу кезеңі). Бұл іс-шара дәстүрлі түрде аудандық және қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдарының командалары арасында өтті.

Спартакиаданың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық-бұқаралық жұмысты дамыту, кәсіподақ ұйымдары арасындағы байланыстарды нығайту және ұлттық спорт түрлерін қолдау.

Жарысқа 13 команда қатысып, тоғызқұмалақ, шахмат және үстел теннисі сияқты спорт түрлері бойынша бақ сынасты.

Спартакиаданың салтанатты ашылуына Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Қ.Оқасов, сондай-ақ аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Касенова мен Қ.Оқасов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

5-6 сағатқа созылған ойындар өте қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетіп, достық пен бәсекелестік рухында сайысты. Бұл іс-шара білім беру саласы қызметкерлерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосты.

Спартакиаданың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша, әрбір спорт түрінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға дипломдар мен сертификаттар табыс етілді. Бұл жеңістер тек спорттық шеберлікті ғана емес, сонымен қатар командалық рухты, бірлесіп жұмыс істеу қабілетін де айқын көрсетті.

Спартакиаданың екінші кезеңі үш аймақта өтетін волейбол ойындарымен жалғасады. Әр аймақта бірінші және екінші орын алған командалар финалға шығады.

Аталған спартакиаданың табысты өтуіне қолдау білдірген «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК директоры Ф.Құрманов пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.Даутоваға зор алғысымызды білдіреміз.

 

Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы

#ШҚОбілімкәсіподағы

КӘСІПОДАҚТАР АРАСЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ БАЙЛАНЫС
КӘСІПОДАҚТАР АРАСЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ БАЙЛАНЫС
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности