+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӘСІПОДАҚ – ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ЖҰМЫСШЫ АРАСЫНДАҒЫ АЛ…
Новости территориальных организаций 01 февраля 2026

КӘСІПОДАҚ – ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ЖҰМЫСШЫ АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР

КӘСІПОДАҚ – ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ЖҰМЫСШЫ АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР

КӘСІПОДАҚ – ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ЖҰМЫСШЫ АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Жуалы ауданындағы Көктөбе орта мектебінің ұжымымен…

КӘСІПОДАҚ – ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ЖҰМЫСШЫ АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Жуалы ауданындағы Көктөбе орта мектебінің ұжымымен кездесті. Кездесуге Жергілікті кәсіподақтың құқықтық инспекция жетекшісі Әлия Джолшибекова мен «Еңбекші» газетінің бас редакторы Марат Құлибаев қатысты.

Кездесуді Жуалы аудандық комитетінің төрағасы Мажит Айжанов ашып, жүргізіп отырды. Сөз алған Ерұлан Мағзымбеков алдымен облыстық ұйымның Ұжымдық шарт нормаларын орындау негізінде атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және құқықтарын қорғау бағытындағы іс-шараларға тоқталды.

– Кәсіподақ – жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы алтын көпір. Оның дәлелі ретінде сала өкілдеріне Ұжымдық шартпен көзделген қолдау көп. Бірақ, кәсіподақ жұмысына әлі де сын көзқараспен қарайтындар бар. Ортамызда жүрген кейбір азаматтар әлі күнге кәсіподақ шипажайларға жолдама үлестіретін, Жаңа жылда тәтті тарататын ұйым деп түсінеді. Бұл қате түсінік екенін кәсіподақ ұйымының игілігін көріп жүргендер жақсы біледі. 2012 жылдан бері жетілдіріліп келе жатқан Ұжымдық шарттағы нормалар Жуалыда толық орындалуда. Педагогтерді айтпағанда оның игілігін педагог емес мамандар, кіші қызметкерлер де сезінуде, – деді Ерұлан Сәбенұлы.

Төрағаның сөзін мақұлдаған іс-жүргізуші мен кітапхана меңгерушісі Ұжымдық шарт негізінде қосымша ақы, ал ғимарат жөндеуші мен еден жуушылар сауықтыруға арналған жәрдемақы алып отырғандарын айтты.

– Біздің мектепте Ұжымдық шартта көзделген барлық нормалар орындалуда. Оны сізбен ашық пікір алмасу барысында кіші қызметкерлер де растады. Дегенмен, біз бір мәселемен жиі бетпе-бет келеміз. Ол үйде оқытылатын балаларға сабақ беретін мұғалімнің жалақысына байланысты. Денсаулығында кінәраты бар бала ауруханаға жатқан уақытта мұғалімге жалақы төлене ме? Осыны түсіндіріп берсеңіз?, – деді Гүлжан Әбіқай.

Жергілікті кәсіподақтың құқықтық инспекция жетекшісі Әлия Джолшибекова бұл сұрақ бұған дейін де бірнеше ауданда қойылғанын айтты. «Мұндағы басты мәселе, бұйрықты рәсімдеуде. Көп жағдайда бұйрық дұрыс рәсімделмегендіктен тексерушілер тарапынан қаржысы кері қайтарылып жатады. Бала ауруханаға жатқан сәтте бұйрық дұрыс рәсімделсе жалақының 70 пайызы сақталады», – деді ол. Сөйтіп жиын барысында қойылған құқықтық сұрақтарға жауап берді.

Ал мектеп директоры Марат Сармановтың сөзінше білім мекемесіндегі қызметкерлер саны 88. Оның барлығы кәсіподақ мүшесі. Оның ішінде кіші қызметкерлер саны – 33. Өткен жылы алты адам шипажайларға жолдама алса, бірнеше адам туристік саяхаттарға шығуға мүмкіндік алған.

– Кәсіподақ мүшелері тарапынан «Біздің жарнамыз қайда кетіп жатыр?» деген сұрақ туындауы заңды. Бұл сұраққа жауап берер болсам, сіздерден түскен қаражат көлемі 3 миллион теңгеден сәл ғана асады. Ал оның ұжымға қайтқаны 1 миллион 921 мың теңге. Яғни, жарналарыңыздың 63,7 пайызы қайтарылып, өздеріңіздің ішкі қажеттіліктеріңізге жаратылуда. Ал Ұжымдық шарт нормалары бойынша сіздерге қайтқан қаражат бұдан көп. Оның барлығы сіздердің жалақыларыңызға қосымша ақы ретінде бюджеттен берілуде, – деді Ерұлан Сәбенұлы.

Кездесу соңында еңбегі ерекшеленген бірнеше кәсіподақ мүшесі арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

 

Жамбыл облыстық ұйымы

КӘСІПОДАҚ – ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ЖҰМЫСШЫ АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР
КӘСІПОДАҚ – ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ЖҰМЫСШЫ АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР
КӘСІПОДАҚ – ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ЖҰМЫСШЫ АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности