+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӘСІПОДАҚ ҰЖЫМДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДА
Новости территориальных организаций 17 мая 2026

КӘСІПОДАҚ ҰЖЫМДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДА

КӘСІПОДАҚ ҰЖЫМДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДА

КӘСІПОДАҚ ҰЖЫМДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДА 15 мамырда Павлодар облысы Ертіс ауданының №4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің базасында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы Ертіс ауданының келісу…

КӘСІПОДАҚ ҰЖЫМДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДА

15 мамырда Павлодар облысы Ертіс ауданының №4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің базасында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы Ертіс ауданының келісу комиссиялары мүшелеріне арналған оқыту семинарын өткізді.

Еңбек ұжымының алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудегі ең маңызды фактор – ұжымдағы тұрақты психоэмоционалдық ахуал. Келісу комиссиясы мүшелерін оқыту – құқықтық сауаттылық пен ұжымдағы тұрақтылықтың кепілі. Кез келген ұйымда жұмыстың табысты аяқталуы көбіне ұжымдағы жағымды атмосфера мен туындаған мәселелерді сындарлы түрде шеше білуге байланысты. Қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтарын қорғап, тепе-теңдікті сақтаудың маңызды құралы – келісу комиссиясы.

Іс-шараның мақсаты – келісу комиссиясын формалды органнан мектеп пен қызметкердің мүддесін қорғайтын нақты әрекет етуші тетікке айналдыруды үйрету.

Павлодар облыстық ұйымының төрайымы Гүлбарам Науразбаева келісу комиссиялары қызметінің маңыздылығына тоқталып, даулы мәселелерді қарастыру тәжірибесінен нақты мысалдар келтірді. Семинар жұмысына білім бөлімінің басшысы Айнұр Сәрсенова да қатысты.

Ұйымның құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Гүлшат Жаркенованың мазмұнды баяндамасы қатысушыларды бірден іскерлік форматтағы жұмысқа бағыттады.

Оқыту бағдарламасы тәжірибеге барынша бағытталып, еңбек заңнамасының ең өзекті аспектілерін қамтыды:

▪️Құқықтық негіздер мен регламент: келісу комиссиясын құру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртібін реттейтін ҚР Еңбек кодексінің нормаларын жан-жақты қарастыру;

▪️Дауларды қарау рәсімі: қызметкердің өтінішін қабылдаудан бастап, дәлелдерді жинау, заңды шешім шығару және оны рәсімдеуге дейінгі кезеңдерді кезең-кезеңімен талдау;

▪️Қақтығыс психологиясы және медиация: қатысушылар келіссөз жүргізу, күйзеліс жағдайында эмоцияларды басқару және екі тарапты да қанағаттандыратын ымыралы шешімдер табу дағдыларын жетілдірді.

Семинарда практикалық бөлімге ерекше назар аударылды. Қатысушылар еңбек тәжірибесіндегі нақты кейстерді талдап, құқық бұзушылықтарды дұрыс саралауды және хаттамаларды сауатты рәсімдеуді үйренді.

Оқыту белсенді диалог форматында өтті. Комиссия мүшелері теориялық біліммен қатар ұйым ішіндегі еңбек дауларын сотқа жеткізбей жедел әрі объективті шешуге арналған нақты іс-әрекет алгоритмдерін меңгерді.

 

Павлодар облыстық ұйымы

КӘСІПОДАҚ ҰЖЫМДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДА
КӘСІПОДАҚ ҰЖЫМДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДА
КӘСІПОДАҚ ҰЖЫМДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДА
КӘСІПОДАҚ ҰЖЫМДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДА
КӘСІПОДАҚ ҰЖЫМДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДА
1 / 5
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности