+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Новости территориальных организаций 12 апреля 2026

КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ Жетісу облысы Панфилов ауданы Ават орма мектебінің базасында бастауыш кәсіподақ ұйымының кезекті жиналысы өткізілді. Жиналысқа кәсіподақ мүшелері толық қатысып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды. Кездесу барысында…

КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Жетісу облысы Панфилов ауданы Ават орма мектебінің базасында бастауыш кәсіподақ ұйымының кезекті жиналысы өткізілді. Жиналысқа кәсіподақ мүшелері толық қатысып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды.

Кездесу барысында Панфилов аудандық филиалының төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков сөз алып, кәсіподақ ұйымының маңыздылығы мен оның қоғамдағы рөліне кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде кәсіподақтың басты міндеті – еңбеккерлердің құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және ұжымдағы бірлікті нығайту екенін атап өтті.

Жиналыс бекітілген күн тәртібіне сәйкес өтті. Жиын барысында алғашқы мәселе ретінде бастауыш кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаттары мен міндеттері талқыланды. Баяндамашы Анаятхан Думекова кәсіподақтың басты бағыттары – қызметкерлердің құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және ұжымдағы тұрақтылықты сақтау екенін атап өтті. Сонымен қатар, кәсіподақтың алдағы кезеңге арналған жоспарлары мен міндеттері айқындалды.

Келесі кезекте Рустем Сұлтанбеков мектептегі техника қауіпсіздігі бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ол білім беру мекемесінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, нұсқаулықтардың уақытылы жүргізілуі және қауіпсіздік талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда екенін жеткізді. Қатысушылар тарапынан бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының комитет төрайымы Рысхан  Бершімбекова бастауыш кәсіподақ ұйымының бір жылда атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Есеп барысында ұйымның әлеуметтік қолдау көрсету, мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру және ұжым мүшелерінің мүдделерін қорғау бағытындағы жетістіктері атап өтілді.

Жиын соңында күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар нақтыланды. Қатысушылар ұсыныстарын білдіріп, кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған ойларымен бөлісті.

Жетісу облысы Панфилов аудандық кәсіподақ филиалы

КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
1 / 4
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности