+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӘСІПОДАҚ СПАРТАКИАДАСЫ – ҰЖЫМДЫҚ РУХТЫ КӨТЕРІП, К…
Новости территориальных организаций 16 июня 2025

КӘСІПОДАҚ СПАРТАКИАДАСЫ – ҰЖЫМДЫҚ РУХТЫ КӨТЕРІП, КОМАНДАЛЫҚ КҮШ-ЖІГЕРДІ ШЫҢДАЙДЫ

КӘСІПОДАҚ СПАРТАКИАДАСЫ – ҰЖЫМДЫҚ РУХТЫ КӨТЕРІП, КОМАНДАЛЫҚ КҮШ-ЖІГЕРДІ ШЫҢДАЙДЫ

КӘСІПОДАҚ СПАРТАКИАДАСЫ – ҰЖЫМДЫҚ РУХТЫ КӨТЕРІП, КОМАНДАЛЫҚ КҮШ-ЖІГЕРДІ ШЫҢДАЙДЫ Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен, ағымдағы жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 14…

КӘСІПОДАҚ СПАРТАКИАДАСЫ – ҰЖЫМДЫҚ РУХТЫ КӨТЕРІП, КОМАНДАЛЫҚ КҮШ-ЖІГЕРДІ ШЫҢДАЙДЫ

Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен, ағымдағы жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 14 маусымында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына және Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған XII облыстық спартакиадасы тікелей қызмет көрсету бастауыш кәсіподақ ұйымдары командалары арасында өтті. Спортшылар тоғызқұмалақ, шахмат, волейбол ойындарынан бақтарын сынады.
 
Спорттық сайыс үш аймақта қызу өтті: Абай атындағы ШҚ гуманитарлық колледжі, Өскемен қаласының Жоғары политехникалық колледжі және «№37 көпсалалы орта мектебі» КММ.
 
Тартысқа толы жарысқа 10 команда қатысты:
1) «Өрлеу» БАҰО» АҚ ШҚО «Кәсіби даму институты» филиалы және «Ақ ниет» мектеп-интернатының құрама командасы; 2) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті; 3) Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті; 4) Өскемен жоғары политехникалық колледжі; 5) Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі; 6) Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі; 7) Самар аграрлық-техникалық колледжі; 8) Глубокое аграрлық колледжі; 9) Үлкен Нарын колледжі; 10) Өскемен көпсалалы технология колледжі.
 
Жарыс аса қызықты әрі тартысты өтті. Спортшылардың әрқайсысы жеңіске жету үшін барын салды. Әрбір қимыл, әрбір секіру – көрермендердің шаттық айқайына ұласып жатты. Спортшылардың жүздерінде шаршаудың ізі байқалса да, олардың көздерінде жеңіске деген құштарлық әлі де жанып тұрды.
 
Спартакиада соңында қолдау көрсеткен ұйымдарға, төрешілерге, медицина қызметкерлеріне және ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан кәсіподақ мүшелеріне алғыс білдірілді.
Қорытындылай келе, екі номинация бойынша да жеңімпаздар анықталды. «Үздік шабуылшы» номинациясының иегері - Мұқан Қасен,  Өскемен жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы, ал «Үздік байланыстырушы» номинацияның иегері Аслан Ағажапов, Өскемен көпсалалы технология колледжінің оқытушысы. Олар өздерінің үздік ойындарымен командаларына жеңіс сыйлады және волейбол сүйер қауымның жүрегінде ерекше орын алды. Бұл ойын волейболдың қаншалықты қызықты және тартымды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте: I орынды – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, II орынды – Өскемен жоғары политехникалық колледжі, III орынды – Үлкен Нарын колледжі иеленді.
 
Спартакиада барысында спортшылар тек өздерінің күш-жігерін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар достық қарым-қатынастарын нығайтты. Әрбір ойын – бұл жаңа таныстықтар мен тәжірибе алмасу алаңы болды.Бұл спорттық мереке әрбір қатысушының жадында ұзақ сақталып, жаңа жетістіктерге шабыт беретіні сөзсіз.
 

Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы

КӘСІПОДАҚ СПАРТАКИАДАСЫ – ҰЖЫМДЫҚ РУХТЫ КӨТЕРІП, КОМАНДАЛЫҚ КҮШ-ЖІГЕРДІ ШЫҢДАЙДЫ
КӘСІПОДАҚ СПАРТАКИАДАСЫ – ҰЖЫМДЫҚ РУХТЫ КӨТЕРІП, КОМАНДАЛЫҚ КҮШ-ЖІГЕРДІ ШЫҢДАЙДЫ
КӘСІПОДАҚ СПАРТАКИАДАСЫ – ҰЖЫМДЫҚ РУХТЫ КӨТЕРІП, КОМАНДАЛЫҚ КҮШ-ЖІГЕРДІ ШЫҢДАЙДЫ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности