+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӘСІПОДАҚ ҚАМҚОРЛЫҒЫ – САПАЛЫ ДЕМАЛЫС КЕПІЛІ
Новости территориальных организаций 08 июля 2026

КӘСІПОДАҚ ҚАМҚОРЛЫҒЫ – САПАЛЫ ДЕМАЛЫС КЕПІЛІ

КӘСІПОДАҚ ҚАМҚОРЛЫҒЫ – САПАЛЫ ДЕМАЛЫС КЕПІЛІ

КӘСІПОДАҚ ҚАМҚОРЛЫҒЫ – САПАЛЫ ДЕМАЛЫС КЕПІЛІ Білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы еңбек құқықтарын қорғаумен ғана шектелмейді. Ұстаздардың денсаулығын нығайтуға, сапалы демалысын ұйымдастыруға және еңбекке деген ынтасын арттыруға бағытталған сауықтыру шаралары да…

КӘСІПОДАҚ ҚАМҚОРЛЫҒЫ – САПАЛЫ ДЕМАЛЫС КЕПІЛІ

Білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы еңбек құқықтарын қорғаумен ғана шектелмейді. Ұстаздардың денсаулығын нығайтуға, сапалы демалысын ұйымдастыруға және еңбекке деген ынтасын арттыруға бағытталған сауықтыру шаралары да кәсіподақ қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта Жергілікті кәсіподақтың Тараз қалалық комитеті биыл да педагогтерге арналған бес күндік сауықтыру демалысын ұйымдастырды. Бұл жолы кәсіподақ мүшелері Алакөл жағалауындағы «Арасан-Алакөл» демалыс орталығында тынығып қайтты.

Белгіленген күні Кәсіподақтар үйі жанынан жолға шыққан педагогтер Алматы арқылы пойызбен Абай облысындағы Жалаңашкөл стансасына жетіп, одан әрі арнайы автобуспен демалыс орнына жеткізілді. Барлық ұйымдастыру жұмыстары алдын ала жоспарланып, демалушылардың жайлы орналасуына толық жағдай жасалды. Тараз қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ирина Костинаның айтуынша, биыл Алакөлге Тараз қаласынан жүзге жуық педагог барған.

- Біздің ұстаздар осы демалыс орталығында он жылдан бері тұрақты демалып келеді. Мұнда кәсіподақ мүшелерінің жайлы тынығуына барлық мүмкіндік қарастырылған. Бөлмелер қажетті тұрмыстық жабдықтармен қамтамасыз етілген, қызмет көрсету сапасы жоғары. Ең бастысы ұстаздардың денсаулығын нығайтып, жаңа оқу жылына сергек көңіл-күймен оралуына жағдай жасау, – дейді ол.

Демалыс күндері педагогтер табиғат аясында тынығып қана қоймай, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларға қатысып, әріптестерімен еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды. Осындай кездесулер ұжымдық бірлікті нығайтып, кәсіподақ мүшелерінің өзара ынтымақтастығын арттыра түседі. Тараз қаласындағы №20 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Құрманкүл Есалиева кәсіподақтың сауықтыру жұмыстары жыл сайын жүйелі түрде ұйымдастырылып келе жатқанын атап өтті.

- Ұжым қызметкерлерінің денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстарға әрдайым ерекше көңіл бөлінеді. Биыл біздің мектептен сегіз қызметкер осы демалысқа қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен оралды. Демалыс орталығындағы жағдай да, қызмет көрсету деңгейі де көңілден шықты. Осындай игілікті іске ұйытқы болып жүрген кәсіподақ ұйымына алғысымыз шексіз, – дейді ол.

Алакөлдегі сауықтыру демалысына Жамбыл облысының өзге аудандық және қалалық кәсіподақ ұйымдарының мүшелері де қатысты. Шу аудандық білім бөлімі кәсіподақ комитеті педагогтерді бұл бағытқа 2019 жылдан бері тұрақты түрде жіберіп келеді. Жамбыл ауданынан 25 педагог ұйымдастырылып барса, Байзақ ауданынан келген кәсіподақ мүшелері де демалыстың жоғары деңгейде өткенін айтып, ризашылықтарын білдірді.

Тараз қаласындағы №27 бөбекжай-бақшасының психологы, бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшісі Айжан Рысбаева үшін бұл жолғы сапардың ерекше орны бар.

- Мен биыл зейнеткерлікке шықтым. Кәсіподақ ұйымының жетекшісі ретіндегі соңғы жылымда әріптестеріммен бірге осындай тамаша демалысқа қатысқаныма қуаныштымын. Біз үлкен ұйымшыл ұжым болып демалдық. Барлық ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде өтті. Осы үшін Тараз қалалық кәсіподақ комитетіне ерекше алғыс айтамыз, – дейді ол.

Ал №39 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Күләш Махаметкәрімова Алакөлге алғаш рет барған әсерімен бөлісті.

- Мен үшін бұл сапар ерекше есте қалды. Демалыс орталығындағы жағдай, қызмет көрсету сапасы, тағамдардың дәмі, барлығы көңілімнен шықты. Осындай мүмкіндік жасаған кәсіподақ ұйымына үлкен рақмет, – дейді ұстаз.

Осындай әлеуметтік қолдау шаралары кәсіподақ мүшелерінің ұйымға деген сенімін арттырып қана қоймай, білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға да елеулі үлес қосып келеді.

 

Гүлнар ЕСМАХАН, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ардагер-ұстаз

КӘСІПОДАҚ ҚАМҚОРЛЫҒЫ – САПАЛЫ ДЕМАЛЫС КЕПІЛІ
КӘСІПОДАҚ ҚАМҚОРЛЫҒЫ – САПАЛЫ ДЕМАЛЫС КЕПІЛІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности