+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Новости 23 декабря 2025

КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ

КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ

КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ Оқушы, студенттердің каникулы кезінде педагогтардың жұмыс уақытында өзгерістер бола ма? Педагогтың жұмыс және демалыс уақыттарының тәртібі ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ЕК) нормаларымен, сонымен қатар Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі №…

КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ

📩 Оқушы, студенттердің каникулы кезінде педагогтардың жұмыс уақытында өзгерістер бола ма?

✅ Педагогтың жұмыс және демалыс уақыттарының тәртібі ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ЕК) нормаларымен, сонымен қатар Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығымен бекітілген Педагогтың жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) регламенттеледі.

🔹Педагогтар үшін жұмыс уақытының ұзақтығы ЕК сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығына қарай белгіленеді.

🔸Жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс (ЕК 68-бабының 1-тармағы). Күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан аспауы тиіс (ЕК 71-бабының 4-тармағы).

▪️Осыған қоса, Салалық деңгейде білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімнің (бұдан әрі – Салалық келісім) 6.1 тармағына сәйкес педагогтар және ғылыми-педагог қызметкерлер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы (жалақы ставкасына педагогикалық жұмыс сағатының нормасы) аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына негізделіп белгіленеді.

📌Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ұйым басшыларына, олардың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына қолданылмайды.

📍Қағидалардың 3 және 4 тармақтарына сәйкес, педагогтардың жұмыс уақыты атқаратын лауазымына, сондай-ақ білім беру ұйымдарының типі мен түріне қарай: оқу (оқытушылық), тәрбие жұмысын, білім алушылармен жеке жұмысты, лауазымдық міндеттерімен және (немесе) оқу-тәрбие жұмысының жоспарларымен көзделген ғылыми, шығармашылық және зерттеу жұмысын қамтиды.

🌀 Қағидалардың 7-тармағына сәйкес күзгі, қысқы және көктемгі каникул уақыты, сондай-ақ кезекті демалысқа сәйкес келмейтін жазғы каникул уақыты білім беру ұйымдарының педагогтары үшін жұмыс уақыты болып табылады.

💤Осы кезеңдерде педагогтар педагогикалық қызметті демалысқа дейінгі оқу жүктемесінен аспайтын уақыт шегінде жүргізеді. Кезекті демалысқа сәйкес келмейтін демалыс уақытында педагогтар үшін, олардың келісімімен, ай шегінде жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленуі мүмкін. Білім беру ұйымының басшысы демалыс кезінде педагогтардың жұмыс уақытын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.

🔰Сонымен қатар, Салалық келісімнің 6.6-тармағымен де каникул кезеңдерде педагогтарды жұмыс беруші каникул басталғанға дейін олардың оқу жүктемесінен аспайтын уақыт ішінде педагогикалық және ұйымдастырушылық жұмыстарға тартатыны белгіленген. Каникул кезіндегі жұмыс кестесі, бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша басшының бұйрығымен бекітіледі.

‼️ ЕК 154 бабы 2 және 7 тармақтарына сәйкес, Салалық келісімнің күші тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдарына, тиісті саланың жұмыс берушілеріне, жұмыскерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады, сондай-ақ Салалық келісімнің шарттарын жалтару, сол сияқты бұзу немесе орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности