+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Новости 11 января 2026

КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ

КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ

КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ Жалпы орта мектепте 2007 жылдан педагог-психолог қызметін атқардым. 2010-20 жылдары өзін-өзі тану пәнінен сабақ беріп, педагог-зерттеуші санатына ие болдым. Аталған пән қысқартылған соң жаһандық құзіреттілік пәнінен оқу жүктемесі берілді. Екінші жоғары білімім…

КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ

📥 Жалпы орта мектепте 2007 жылдан педагог-психолог қызметін атқардым. 2010-20 жылдары өзін-өзі тану пәнінен сабақ беріп, педагог-зерттеуші санатына ие болдым. Аталған пән қысқартылған соң жаһандық құзіреттілік пәнінен оқу жүктемесі берілді. Екінші жоғары білімім «география және тарих пәнінің мұғалімі», осы мамандығыма сәйкес 2025 жылдың қыркүйек айынан 8 сағат тарих пәнінен оқу жүктемесі бекітілді. Толық педагогикалық стажым үздіксіз 18 жыл.

❓Бүгінде жаңадан келген басшы тарапынан тарих пәнінен 8 сағат оқу жүктемесі тест тапсырылмай, конкурс арқылы берілмегенін алға тартып, заңсыз болуына байланысты осы пәннен 8 сағаттың қайтарып алынатынын айтуда. Осы талап қаншалықты заңды?

​✅ Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтарын лауазымға тағайындау және босату тәртібі ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларымен (әрі қарай - Қағидалар) айқындалады.

🌀Қағидалардың 97-тармағында Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес болған жағдайда, Еңбек кодексінің 38-бабына сәйкес жұмыс берушінің тиісті актісін шығару жолымен педагогты (бірінші басшының орныбасарын қоспағанда) бір білім беру ұйымының ішінде бір лауазымнан екінші лауазымға ішкі ауыстыруға жол берілетіні көзделген.

📌 Сіздің жағдайда, мектеп басшысы тарапынан Қағидалардың 97-тармағын негізге алып 8 сағат тарих пәнінен оқу жүктемесінің берілуі заңды.

📍Осыған қоса, оқу жүктемесін бекітуде жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 100-тармағының ескерілгені айқын, яғни педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына конкурс «Педагог мәртебесі туралы» заңда айқындалған нормативтік оқу жүктемесінің 50%-дан астамының есебін негізге ала отырып, білім беру ұйымында сағат болған жағдайда өткізілетіні белгіленген.

🔹Сонымен, үздіксіз 18 жылдан астам уақыт педагогикалық қызметін атқарып отырған, біліктілік санаты бар педагогтан, жоғарыда көрсетілген Қағидалардың нормаларына сәйкес берілген 8 сағат оқу жүктемесінің әкімшілік тарапынан заңсыз, сертификаттаудан, конкурстан өтпеген деп танылуына негіз жоқ.

‼️ Сондықтан, мәселе шешімін таппаған жағдайда қызметкер өзінің бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру мақсатында Еңбек кодексінің 159- бабында көзделген тәртіпке сәйкес Келісу комиссиясымен жалпы Сот құзыретінде қарастыруға мүмкіндігі бар.

Все новости

Читайте также

  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ – КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА
    Новости

    ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ – КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА

    03.08.2026
  • КӘСІПОДАҚ КӨМЕКТЕСТІ: ЕСЕПШІ МАМАНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ
    Новости

    КӘСІПОДАҚ КӨМЕКТЕСТІ: ЕСЕПШІ МАМАНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

    31.07.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности