+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Новости 17 марта 2026

КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ

КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ

КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ Колледжде «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша өндірістік оқу шебері қызметін атқарамын. Өндірістік оқыту барысында газбен, жартылай автоматты дәнекерлеу, газбен кесу, аргонды доғалық дәнекерлеу тәсілдерін үйретемін. Өндірістік оқу шеберінің жұмысы зиянды жұмыс…

КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ

📩 Колледжде «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша өндірістік оқу шебері қызметін атқарамын. Өндірістік оқыту барысында газбен, жартылай автоматты дәнекерлеу, газбен кесу, аргонды доғалық дәнекерлеу тәсілдерін үйретемін. Өндірістік оқу шеберінің жұмысы зиянды жұмыс қатарына жатады ма? Косымша ақылар қарастырылған ба?

✅ ҚР Еңбек кодексінің (әрі қарай – ЕК) 105-бабы 2 - тармағына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегіне жоғарылатылған мөлшерде ақы төлеу Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

🌀 Жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен (әрі қарай - Тізбе) бекітілген.

🔹Білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шебері Тізбеге енгізілмеген.

​Осы ретте, ЕК 105-бабы 3-тармағы негізінде белгіленген еңбекке ақы төлеу талаптары - ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардағы еңбегі, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге ұсынылады.

​🔸Сонымен, оқу орнының өндірістік оқыту шеберлері Тізбеде болмағандықтан ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшері тек еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері негізінде беріледі.

​Жалпы мемлекеттік мекеме, қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің айлықақы, қосымша және үстеме ақыларының есептелу тәртібі мен шарттары «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен (әрі қарай - Қаулы) айқындалады.

‼️ Қаулының 4-Қосымшасы 6-тармағына сәйкес өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлеріне базалық лауазымдық айлықақының 100 % көлемінде қосымша ақы төленеді.

Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности