+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Новости 04 мая 2025

КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ

КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ

КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ Мен жалпы білім беретін мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Педагог кадрларының тапшылығына байланысты менің оқу жүктемем аптасына 33 сағатты құрайды. Алайда маған тек 24 сағат негізгі жүктеме ретінде тарификацияланып, қалған 9 сағат уақытша алмастыру…

КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ

📩 Мен жалпы білім беретін мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Педагог кадрларының тапшылығына байланысты менің оқу жүктемем аптасына 33 сағатты құрайды. Алайда маған тек 24 сағат негізгі жүктеме ретінде тарификацияланып, қалған 9 сағат уақытша алмастыру (замещение) ретінде рәсімделді.

▪️Мектеп әкімшілігі бұл жағдайды қаңтар айында Еңбек.кз порталында бос жұмыс орны туралы хабарландырудың жариялануымен түсіндіреді, сол себепті бұл сағаттарды алмастыру ретінде төлеуге болады деп санайды.

Аталған мәселені реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сілтеме бере отырып, толыққанды жауап беруіңізді сұраймын.

✅ Сіздің сұрағыңызға қатысты келесі жауап жолданады.

✍️ Мемлекеттік мекемелер педагогтарының айлықақысын есептеу тәрібі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 Қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы), сонымен қатар, «Мемлекеттік ұйымдар Педагогтарының жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығымен (әрі қарай - Қағидалар) реттеледі.

🌀 Жоғарыда көрсетілген Қаулының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес педагогтардың жекелеген санаттары үшін лауазымдық айлықақылары аптасына белгіленген оқу жүктемесін негізге ала отырып айқындалады.

🔸 Жұмыс беруші Қағидалардың 14 – тармағына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі тарифтеуден кейінгі кезеңде өзгерген жағдайда, еңбек шартына қосымша келісім қоса атқару жағдайында жасалып, жүктемені өзгерту туралы бұйрық шығару арқылы тарифтеу тізіміне өзгерістер енгізу жүргізілетінін ескеру тиіс.

🔹 Педагогқа қосымша берілген оқу жүктемесіне қатысты: бос немесе уақытша бос педагог лауазымдарына конкурсқтық негізде орналасудың тәртібі 2025 жылғы 31 наурыздағы ҚР Оқу-ағарту министрінің № 57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларымен реттеледі.

📌 Конкурс нәтижесі бойынша бос немесе уақытша бос лауазымға мұғалім қабылданған жағдайда, ҚР Еңбек кодексінің 52-бабының 2-тармағына сәйкес қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты (немесе еңбек шартына қосымша келісім) жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылады.

📍Сіздің жағдайда, айлықақы нақты (33 сағат) апталық оқу жүктемесі бойынша Қағидалардың 13 тармағына сәйкес жалпы негізде толық жүргізілуі тиіс, ал 9 сағатты алмастыру тәртібімен рәсімдеуі жоғарыда көрсетілген нормативктік-құқытық актілерге қайшы келеді.

Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности