+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ МҮДДЕСІ СОТТА ҚОРҒАЛДЫ
Новости 05 декабря 2024

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ МҮДДЕСІ СОТТА ҚОРҒАЛДЫ

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ МҮДДЕСІ СОТТА ҚОРҒАЛДЫ

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ МҮДДЕСІ СОТТА ҚОРҒАЛДЫ Өткен жылдың тамыз айында «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі мен облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, аймақтың білім беру мекемелерінде жұмыс жасайтын 176 кір жуушы заң аясында өз…

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ МҮДДЕСІ СОТТА ҚОРҒАЛДЫ

Өткен жылдың тамыз айында «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі мен облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, аймақтың білім беру мекемелерінде жұмыс жасайтын 176 кір жуушы заң аясында өз еріктеріне сай бір ай мерзімге Атыраудағы екі колледжде ақылы негізде оқытылғаны, кейін олар емтихан тапсырып, арнайы 4-ші разрядты «Кір жуу операторы» деген куәліктерін алғандығы, сөйтіп, бұл мамандар биылдан бастап азаматшылық қызметкерлер қатарына жатқызылып, оларға 4 разрядқа қосымша қаражат төленетін болып келісілгендігі туралы БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде ақпарат жария болған болатын.

Облыстық білім басқармасы мен салалық кәсіподақтың Салалық әлеуметтік әріптестік келісіміне де осы мәселе енгізілді. Алайда, кейін облыстық білім басқармасының жаңа басшылығы бұл шешімге наразылық білдірді. «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі осы мәселеге орай облыстық білім басқармасы басшылығы үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бюджеттік департаментінен қатынас хат та алдырды. Бірақ, білім басқармасы басшылығы бұл шешімдерді де орындаудан бас тартты, Сөйтіп, облыстық қоғамдық бірлестікті өзінің қатарындағы қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін амалсыз облыстық сотқа жүгінуге мәжбүрледі.

Айта кету керек, салалық кәсіподақ бірлестігі бір жыл бойына үлкен жұмыс атқарды. 

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 27 маусымдағы шешімімен талап қоюшы «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің жауапкер «Атырау облысы білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас тарту әрекеттерін заңсыз деп тану, тиісті шараларды қабылдауға мәжбүрлеу туралы талап қоюы қанағаттандырылатын болған еді.

Жауапкер «Атырау облысы білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас тарту әрекеттері заңсыз деп танылды. Білім беру басқармасының Атырау облысы бойынша білім беру ұйымдарының кір жуу машиналарының операторларына еңбек ақыларын коэффициентті ескере отырып есептелуіне, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы берілуіне, лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленуіне бағытталған тиісті шараларды қабылдау мәселесін Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің және өзге де заңнамасының талаптарын сақтап, қайта қарау жолымен «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру міндеттелген-ді.

Жақында Атырау облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы талап қоюшы «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің жауапкер «Атырау облысы білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас тарту әрекеттерін заңсыз деп тану, тиісті шараларды қабылдауға мәжбүрлеу туралы қаулы шығарып, ол 25 қарашадан бастап заңды күшіне енді.

Сөйтіп, Салалық кәсіподақ бірлестігі кір жуушы операторларға тиісті бір айлық сауықтыру қаражатын және зиянды, қауіпті, ауыр еңбек жағдайларында еңбек еткені үшін 6 (алты) күн жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысына облыстық бюджеттен 30 млн теңге қаражат бөлінуіне қол жеткізіп отыр.

 

«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» баспасөз қызметі

Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности