+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ …
Новости территориальных организаций 25 января 2026

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРДА

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРДА

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРДА Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен үрдіске айналып, тұрақты өткізілетін «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы Жамбыл облысында қайта жалғасты. Бастауыш ұйымдармен тығыз байланыс орнатып, кәсіподақ мүшелерінің…

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРДА

Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен үрдіске айналып, тұрақты өткізілетін «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы Жамбыл облысында қайта жалғасты. Бастауыш ұйымдармен тығыз байланыс орнатып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек мәселелерін назарда ұстау мақсатындағы кездесу Жамбыл ауданындағы Бірлесу-Еңбек ауылында орналасқан «Бірлесу–Еңбек» орта мектебінде өтті.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесуге Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков, облыстық кәсіподақ ұйымының аппарат басшысы Бейбіт Бекназаров, «Еңбекші» газетінің бас редакторы Марат Құлибаев пен Білім қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл аудандық комитетінің төрағасы Ержан Шәлімбетов қатысты.

Қазіргі уақытта «Бірлесу-Еңбек» мектебінде 73 қызметкер бар болса, олардың 40 педагог, қалғаны кіші қызметкерлер. Барлығы да кәсіподақ мүшелері. Алғашқы болып сөз алған Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөліне ерекше назар аударып, кездесудің ұжымда көтерілген мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ, облыстық ұйымның былтыр атқарылған жұмыстары мен жеткен жетістіктеріне тоқталды.

- Біздің ұйымның басты мақсаты - өз мүшесінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, әлеуметтік-еңбек қатынастарын жақсарту. Осы бағытта өткен жылы облыстық кәсіподақ ұйымы бірқатар маңызды жұмыстар атқарды. Әлеуметтік әріптестік аясында сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек құқықтарын қорғау шаралары күшейтілді. Келісім мен Ұжымдық шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған қаражат облыс бойынша 2,9 млрд теңгені құрады. Ұйымға 11 мыңнан аса арыз-шағым түсіп, басым бөлігі мәмілемен шешілді. Барлық ақпарат алаңдарында 1000 аса кәсіподақтық ақпарат жарияланды. 7545 сала өкілі кәсіподақтық оқумен қамтылды. Осы ретте, сіздердің ұсыныстарыңыз біз үшін аса маңызды дер едім. Біз бірлікте болсақ, кез келген қиындықты еңсереміз, - деді Ерұлан Сәбенұлы.

Бұдан бөлек жиын барысында еңбекақы төлеу, жұмыс жағдайын жақсарту, әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері талқыланып, кәсіподақтың шынайы қызметінің маңыздылығын БАҚ бетінде жариялау, еңбек адамдарының жетістіктерін насихаттау мәселелері сөз болды. Кәсіподақ мүшелері өз кезегінде мектеп директоры орынбасарларының жүктемесін заңнамалық реттеу, білім беру мазмұнын анықтаудағы авторлық бағдарлама талаптарының қисынсыздығы, атттестациядан өту ерекшелігі мен талаптары сынды мәселелерді көтерді. Кәсіподақ басшылығы көтерілген мәселелердің барлығын назарға алып, оларды шешу жолдарын қарастыруға уәде берді.

Кездесу соңында мектеп директоры Ербол Аширов әлеуметтік әріптестік аясында еңбек ұжымында атқарылған іс-шараларға тоқталып, мазмұнды кездесу үшін ризашылық білдірді.

- Кәсіподақтың еңбек адамдарына көрсеткен шарапатын өзімнен бастап ұйымдағы барлық қызметкерлер сезініп отырмыз. Кез-келген уақытта тегін заңгерлік кеңес алуға мүмкіндік бар. Ұжымдық шарт аясында мекеме басшысы ретінде өзім, директор орынбасары, кітапханашы, медбике, кіші қызметкерлер мен ғимарат жөндеуші қосымша ақы алып отыр.

Қызметкерлердің денсаулықтарын түзету үшін шипажайлар мен туристік сапарларға да шығуға мүмкіндігі бар. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбек үшін марапаттардан да шет қалып жатқан жоқ. Жалпы, алдымызға қойған мақсаттарымыз жетерлік. Оларды іске асыруға ұжымның әрбір кәсіподақ мүшесі өз үлесін қосады деп сенемін, - деді мектеп директоры Ербол Аширов.

Кездесу соңында қызметтік міндеттерін абыройлы атқарғаны және қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, адал еңбегімен көзге түскен кәсіподақ мүшелерінің еңбегі облыстық ұйымның Алғыс хатымен атап өтілді.

 

Жамбыл облыстық ұйымы

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРДА
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРДА
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРДА
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности