+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІН САУЫҚТЫРУ
Новости территориальных организаций 29 июня 2026

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІН САУЫҚТЫРУ

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІН САУЫҚТЫРУ

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІН САУЫҚТЫРУ Жаз мезгілі – жыл бойы тынымсыз еңбек еткен ұстаздар мен білім саласы қызметкерлері үшін тынығып, күш-қуат жинайтын ерекше кезең. Осы орайда Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы өз мүшелерінің жазғы демалысын мазмұнды, әрі тиімді…

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІН САУЫҚТЫРУ

🔰Жаз мезгілі – жыл бойы тынымсыз еңбек еткен ұстаздар мен білім саласы қызметкерлері үшін тынығып, күш-қуат жинайтын ерекше кезең. Осы орайда Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы өз мүшелерінің жазғы демалысын мазмұнды, әрі тиімді ұйымдастыру мақсатында бірқатар игі шараларды жүзеге асырды.

✔️Атап айтқанда, білім беру ұйымдарында еңбек жолын енді бастаған жас мамандар үшін еліміздің көрікті табиғатымен, тарихи-мәдени орындарымен танысуға мүмкіндік беретін Бурабай–Зеренді өңіріне тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырылды. Көкшетаудың көркем табиғаты, Бурабай мен Зерендінің сұлу көлдері мен жасыл орманы саяхатқа қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

☑️Сонымен қатар, ауданның білім беру ұйымдарында еңбек ететін мұғалімдер, кітапханашылар және техникалық қызметкерлер Сарыағаш өңіріндегі шипажайларда емдік-сауықтыру демалысына жіберілді. Минералды сулары мен табиғи емдік қасиетімен танымал бұл өңірде қызметкерлер денсаулықтарын нығайтып, сапалы тынығып қайтуға мүмкіндік алды.

◾️Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы алдағы уақытта да сала қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобалар мен мәдени-танымдық іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыра бермек. Алдағы күндері кәсіподақ мүшелерінің бір тобы Алматы қаласына тарихи-танымдық саяхатқа аттанса, енді бір бөлігі Алға қаласындағы «Шипагер» шипажайында емдік-сауықтыру демалысын өткізеді. Себебі, ұстаздар мен білім саласы қызметкерлерінің сапалы тынығуы – олардың жаңа оқу жылын тың серпінмен, мол күш-жігермен қарсы алуының маңызды кепілі.

Все новости

Читайте также

  • САХНАҒА СЕНІМ СЫЙЛАҒАН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    САХНАҒА СЕНІМ СЫЙЛАҒАН ҰСТАЗ

    24.09.2026
  • БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ІХ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ
    Новости территориальных организаций

    БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ІХ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ

    24.09.2026
  • В ЦЕНТРЕ ВНИМАНИЯ – ПЕДАГОГ
    Новости территориальных организаций

    В ЦЕНТРЕ ВНИМАНИЯ – ПЕДАГОГ

    24.09.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности