+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ ЖИЫНЫ
Новости территориальных организаций 23 декабря 2025

КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ ЖИЫНЫ

КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ ЖИЫНЫ

КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ ЖИЫНЫ Бүгін кәсіподақтың Түркістан қалалық комитетінің соңғы бес жыл ішінде атқарған қызметіне арналған кеңейтілген есеп беру жиыны өтті. Шараның негізгі мақсаты – комитет жұмысының нәтижелерін қорытындылау, атқарылған істерге баға беру…

КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ ЖИЫНЫ

🖇️Бүгін кәсіподақтың Түркістан қалалық комитетінің соңғы бес жыл ішінде атқарған қызметіне арналған кеңейтілген есеп беру жиыны өтті. Шараның негізгі мақсаты – комитет жұмысының нәтижелерін қорытындылау, атқарылған істерге баға беру және алдағы кезеңге бағыт-бағдар айқындау болды. Есептік жиынға кәсіподақ мүшелері мен делегаттар қатысып, комитеттің қызметіне қатысты өз пікірлерін білдірді.

🖇️Кеңейтілген есеп барысында Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Тұрманова Диана Абайқызы ұжым алдында соңғы бес жылда атқарылған жұмыстар жөнінде жан-жақты баяндама жасады. Ол өз сөзінде еңбек ұжымдарының әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту, кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғау бағытында жүргізілген жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер мен басым бағыттары да атап өтілді.

🖇️Жиынға Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла және съезд делегаттары қатысты. Қатысушылар есеп беру барысында көтерілген мәселелерді талқылап, кәсіподақ комитетінің қызметіне оң баға берді. Жиын барысында өзара пікір алмасу өтіп, ұйым жұмысының тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды.

🖇️Съезд делегаттарының бірауызды шешімімен Тұрманова Диана Абайқызы Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы қызметіне қайта сайланды. Бұл шешім ұжымның көрсетілген сенімі мен атқарылған жұмыстардың нәтижесіне берілген жоғары баға ретінде қабылданды. Алдағы уақытта комитет өз қызметін одан әрі жалғастырып, кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейтетін болады.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности